Аймақтар • 19 Маусым, 2018

СҚО-дағы ботаникалық бақ қайта жаңғырады

1276 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде ботаникалық бақ санаулы  ғана, оның бірі Петропавлда орналасқан. 106 жылдық тарихы бар жылыжайда әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген екі мыңға жуық тропикалық, субтропикалық өсімдіктер өсіп тұр.

СҚО-дағы ботаникалық бақ қайта жаңғырады

Ет-консерві комбинаты жа­нынан ашылған бақтың көр­ген жанның көз жауын алатын гүл­зарға айналуына саналы ғұ­мырын арнаған алғашқы бағб­ан В.Осиповпен қатар Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген агро­номы, қала­ның құрметті аза­маты Равиль Рязапов­тың да есімі құрметпен аталады. Равиль бабай біресе «Табиғат пер­­зент­тері» экологиялық орта­лығы, біресе «Қызылжар оран­же­реясы» мемлекеттік комму­нал­дық қазынашылдық кәсіп­орны атау­ларына ие болып, мәр­те­бе­сін сан рет ауыстырған бота­ни­ка­лық бақтың аянышты тағ­ды­рына қанатымен су себелеген қар­лығаштай ара түсіп, талай рет та­лан-тараждан сақтап қал­ды. Қым­бат жәдігердің жалғыз шы­рақ­шысы оның қордаланып қал­ған жылу, жарық қарыздарының өтеуі үшін, аукцион арқылы саты­лып кетпеуіне тосқауыл болу мақ­сатымен пәтерінде кепілге қой­ды. Білім мекемелері, жекеле­ген адам­дар өтініштерімен арна­йы гүл­дер өсіру, оқушылар мен сту­денттерге экологиялық са­бақ­­тар, лекциялар ұйымдастыру дәс­түр­лері үзіліп қалды. Уақыт өте келе жергілікті әкімдіктің балансы­на алын­ғанымен, мол қаражат бөлі­неді деген үміт те ақталмады. 2017 жылы бәсекелестік орта­ға берілетін коммуналдық ұй­ым­­дардың тізіміне енгізіліп, жекешелендіруге қойылды. Алай­­да оны меншігіне алатын­дар шықпағандықтан, жылыжай кешенінің мақтанышы – мәң­гі жасыл өсімдіктер мен же­міс ағаштары иесіздікке, күтім­сіз­дікке ұшырап, жойылу қаупі туды. Жұртшылықтың жанай­қайына құлақ асқан аймақ басшысы Құмар Ақсақалов тиісті орын­дарға тапсырма беріп, нәти­же­сінде барлық дүние-мүлкі мен ұжым «Жас дарын» қосымша білім беру мекемесінің қарауына көшті. 

Қала әкімінің орынбасары Евгений Глотов бірегей тропи­калық баққа күрделі жөн­деу жұ­мыс­тары жүргізіліп, аума­ғы кеңейтілетінін, басты қыз­ме­ті жас буынға бірыңғай эко­ло­гия­лық тәрбие беруге, экскур­сия­лық қызмет көрсетуге, түрлі та­п­сырыстар орындауға ыңғай­ла­натынын жеткізді. Оның айтуынша, дизайнерлер мен сәулет­шілер қайта жаңғыртудың жобасын әзірлеп біткеннен кейін қазынадан қомақты қаражат бөлінеді. Тротуарлар мен шам баған­дары жөнделеді. Жасыл желек отырғызылады. Сөйтіп тұр­ғындар дем алатын жайлы ор­ынға айналады. Нысанның бұрынғы экожүйесі толық сақталады. 

Осылайша 1800 шаршы метр аумақты алып жатқан Петропавл тропикалық бағының гүлденіп, көркеюіне барлық мүмкіндіктер жасалатын болады. 

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Екі дос

Қоғам • Кеше