Үкімет • 17 Тамыз, 2024

Үкімет резервінен МАЭК қызметін қолдауға 5 млрд теңге бөлінді

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысындағы «МАЭК» ЖШС қызметін қолдауға Үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет резервінен МАЭК қызметін қолдауға 5 млрд теңге бөлінді

Қаражат облыстық бюджет арқылы энергетика комбинатын субсидиялауға бағытталатын болады, бұл кәсіпорынға алдағы жылыту маусымына уақытылы дайындалуға және энергетикалық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2023 жылдан бастап кәсіпорынды кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізіліп келеді. Үздіксіз өндірістік циклды қамтамасыз етуге және жабдықтың тоқтап қалу қаупін азайтуға бағытталған бірқатар негізгі жобаларды іске асыру көзделген. Олар қазандық агрегаттарын, резервтік қорғау және автоматика жүйелерін, сондай-ақ электр энергиясын басқару мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін жаңғыртуды қамтиды.

МАЭК – Ақтау қаласын қоса алғанда, өңірдегі елді мекендер мен кәсіпорындарды электр және жылу энергиясымен, сондай-ақ ауыз су, ыстық және техникалық сумен қамтамасыз ететін Маңғыстау облысының ірі энергия кешені.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03