Футбол • 19 Маусым, 2018
«Астана» футбол клубының және Қазақстан құрамасының қақпашысы Ненад Эричті жаттығу залынан кездестірдім. Қарапайым халық баратын жаттығу залынан Қазақстан Премьер-лигасының 4 дүркін чемпионын көремін деп кім ойлаған? Отандық командалардың ойынын көп көрмейтінмін, бірақ «Астана» командасының соңғы жетістіктерін тамашаламау мүмкін емес. Елордалық аяқдопшымен амандасып, жаттығу барысында әңгімелесе кеттік.
Футбол • 19 Маусым, 2018
Әлем чемпионатының фавориттері сүрінді
Әлем чемпионатының төртінші күні ортаңқол құрамалар санатындағылар төрге озды. Ал біріншіліктің басты фавориттері ұпайдан шашау шығарды. Бразилия күтпеген жерден Швейцариямен тең түссе, әлем чемпионы Германия Мексикадан жеңіліп қалды. Жаһандық жарыстың алғашқы қызықтары осылай басталды.
Бокс • 19 Маусым, 2018
Танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлының жүріп өткен жолы барша қазақ жанкүйерлерінің көз алдында. Жастар буыны арасынан суырылып шыққан бетте-ақ ересектер дуына еркін қосылып, әуесқойлар арасында орасан зор табысқа қол жеткізген ол енді кәсіпқой рингте күш сынасуға белді бекем буып отыр. Күні кеше ғана қазақ жігітінің даңқты промоутер Боб Арум жетекшілік ететін «Top Rank» компаниясымен келісімшартқа отырғанын естіп кәдімгідей қуанып қалдық.
Аймақтар • 19 Маусым, 2018
Астана-Алматы пойызы. Зардап шеккендер көмексіз қалмайды
Жамбыл жол бөлімшесінің Шу стансасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев, Инвестициялар және даму министрлігі Көліктерді бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев «Астана – Алматы» жолаушылар пойызының жолдан шығып кетуіне қатысты оқиға бойынша журналистермен брифинг өткізді.
Аймақтар • 19 Маусым, 2018
Биыл Ықылас Дүкенұлының туғанына 175 жыл толып отыр
Биыл қазақ халқының ұлы күйшісі, қазақ күй өнеріндегі айрықша құбылыс болған Ықылас Дүкенұлының туғанына 175 жыл толып отыр. Даңқты қобызшының мерейтойы бүгінде еліміздің бірқатар аймақтарымен бірге, Жамбыл өңірінің аудандарында да аталып өтуде. Әйгілі өнер иесінің мол мұрасы кейінгі ұрпаққа насихатталып, шығармаларының кенен көркемдігі турасында да еңбектер жарық көруде.