Қоғам • 20 Маусым, 2023
Ақтөбеде күннен қуат алып жүретін көліктер көрмесі болды. Төбесіне күн батареялары орнатылған сегіз көлік 11 маусым күні Оралдан шыққан. Алайда жолда екеуі бұзылып қалып кері қайтқан. Аптап ыстықта, күн қатты қызған уақытта ғана жүретін қолдан құрастырылған көліктерімен Орал мен Ақтөбе арасындағы 800 шақырымды бір аптада жүруінің себебін күн қызуының аздығы мен желдің күштілігінен қажетті жылдамдықты ала алмағандықтарымен түсіндірді. Олар бір жағынан елімізді саяхаттап, екіншіден қолдан құрастырылған көліктерін сынауды жоспарлаған. Жігіттер еліміздің оңтүстік белдеуін басып өтіп, Алматыға дейін бармақшы. Алда оларды 2 мың шақырым жол күтіп тұр.
Аймақтар • 20 Маусым, 2023
Қостанайдағы татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілдері дәстүрлі Сабантой мерекесін атап өтті. Ежелден жер ырыздығын емген диқандар науқан қарсаңында егін бітік, өнім берекелі болсын деген ниетпен тойлап келген еңбек мерекесі кейінгі жылдары мазмұнын кеңейтіп, осы өңірде тұрып жатқан сан алуан ұлттың ырыс-ынтымағын дәріптейтін шын мәніндегі достық мерекесіне айналды.
Білім • 20 Маусым, 2023
Орал қаласындағы NIS-тің биылғы 11 түлегі мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, ұстаздары мен ата-аналарының мерейін өсірді.
Басылым • 20 Маусым, 2023
Астанадағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №5 балалар кітапханасында журналист, «НұрСұңқар» республикалық байқауының жүлдегері Қалиакбар Үсемханұлының «Аңсап келдім, Атажұрт» атты алғашқы публицистикалық кітабының тұсаукесері өтті.
Спорт • 20 Маусым, 2023
Рыбакина Берлиндегі турнирді сәтті бастады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.