Қоғам • 21 Маусым, 2024
Сарапшылар мәслихат депутаттарының өңірлердегі рөлін талқылады
19 маусым күні Еуразиялық интеграция институтында «Ашық саясат» сараптамалық клубы «Қазақстан өңірлеріндегі өкілді билік органдары: жұмыс істеу мәселелері мен перспективалары» тақырыбында кезекті пікірталас өткізді. Оған ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Маусым, 2024
Оралда көлік полицейлері тұрғын үйдегі өрттің алдын алды
Өрт 19 маусым күні түстен кейін Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратының жанындағы 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде болды. Осы үйдің бір тұрғыны жоғарғы қабаттан түтінді байқап, полицейлерден көмек сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Маусым, 2024
Бірден 30-35 градус ыстықты көрсетіп, қатарынан 4-5 күн бойы шыжып кеткен күн қызылжарлықтарды су қоймаларына қуды. Бұл істе әсіресе жас балалар белсенді. Ата-аналарының қарауынсыз суға жүгіргендерден осы күнге дейін 3 бала суға батып кетті. Үшеуі де суға түсуге жабдықталмаған жерге барып шомылған екен.
Олимпиада • 21 Маусым, 2024
Жеті Олимпиадада – 70 жүлде. Аз ба, көп пе?
Олимпия ойындарына қатысып, төрт жылда бір өтетін ғаламдық додада жеңіс тұғырына көтерілу – әр спортшының асқақ арманы әрі өмірлік ұстанымы. Еліміздің саңлақтарына да осындай бақ сан мәрте бұйырды. Алайда арада біраз уақыт өткеннен соң рұқсат етілмеген дәрі-дәрмекті пайдаланғаны үшін жазаланып жатқандар да бар. Сол себепті Олимпиада да алған жүлделерге кейде өзгеріс еніп жатады. Бүгінгі мақаламызда 1996-2021 жылдар өткен жазғы Олимпия ойындарында алған жүлделерімізді қайта сараптап көргенді жөн санап отырмыз.
Digital • 21 Маусым, 2024
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Smart Astana» мобильдік қосымшасын қолдануды жүзеге асырып жатыр. Бұл әмбебап құрал енді елорда азаматтарына кез келген сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тез әрі жасырын түрде хабарлауға мүмкіндік беретін «Stop сыбайлас жемқорлық» функциясын қамтиды. Осылайша, заманауи құрал жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың жүгенін тартып, азаматтардың өз құқын қорғау және әділ қоғам құру қағидаттарына ықпал етуді көздейді.