Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның сыртқы істер жөніндегі федералдық кеңесшісі (министрі) Дидье Буркхальтермен жұмыс бабында кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Парламент • 20 Маусым, 2017
Бюджеттің орындалуы туралы есеп бекітілді
Кеше Парламент Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен отырысы өтіп, онда екі мәселе талқыланды. Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары, Үкімет мүшелері, ел Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламент аппараттарының жауапты қызметкерлері қатысқан жиынға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жетекшілік етті.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы басталды. 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтетін бұл тестілеу сынақтары жаңа форматта алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, мектеп түлектері тестілеу сынағын 165 ҰБТ өткізу пунктінде тапсырады.
ЭКСПО-2017 • 20 Маусым, 2017
Ғаламдық мәселелер ғалымдар талқысында
Елордада тағы бір ауқымды халықаралық шара – WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресi кеше өз жұмысын бастады. Әрине, бұл да «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің шеңберінде ұйымдастырылған. «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асыру әдiстерi» атты конгресс көрменiң iскерлiк бағдарламасы аясында өтуде.
Қазақстан • 19 Маусым, 2017
Джакартада қазақстандық-индонезиялық саяси консультациялары өтті
2017 жылғы 15-16 маусым аралығында Президенттің Арнайы өкілі – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов Жакартада Индонезия басшылығымен кездесіп, қазақстандық-индонезиялық саяси консультацияларға қатысты.