Қазақстан • 20 Маусым, 2017

Швейцарияға алғыс айтты

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның сыртқы істер жөніндегі федералдық кеңесшісі (министрі) Дидье Буркхальтермен жұмыс бабында кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Швейцарияға алғыс айтты

Қ.Тоқаев жасыл экономика мен балама энергетика сала­сын­дағы әлемдегі көшбасшы­лар­дың бірі болып табылатын Швей­царияға ЭКСПО-2017 халық­­ара­лық көрмесіне қатыс­қаны үшін алғыс айтты.

Сенат Төрағасы Қазақстан Швей­­царияны Еуропадағы маңыз­­ды әрі сенімді әріптес ретін­де қарастыратынын атап өтті. Екі­­жақты ынтымақтастық ая­сын­да белсенді саяси диа­лог, ауқымды сауда-экономи­ка­лық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстар өріс­теп келеді.

Кездесу барысында екіжақты байланыстарда да, ЕҚЫҰ Пар­ла­менттік Ассамблеясымен бірге халықаралық ұйымдар аясында да маңызды рөл атқаратын пар­­ламентаралық үнқатысуды ны­ғай­тудың келешегі қаралды.

Қ.Тоқаев пен Швейцария сырт­­қы саясат ведомствосының бас­­шысы ЕҚЫҰ жауапты аймақта «созылмалы шиеленістерге» қа­тыс­ты бірқатар мәселелерді тал­қы­лады.