Туризм • 19 Маусым, 2019
Балқаш қаласында Қарағанды облыстық әкімдігі мен кәсіпкерлік басқармасының ұйымдастыруымен өткен форумға Ресейдің Түмен, Омбы қалаларынан, сондай-ақ Моңғолиядан туризм мамандары қатысты. Шетелдік қонақтар Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан келген мамандармен бірге курорттық аймақтағы жағажайлық демалыс орындарын аралап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.
«Ұлы дала мұрагерлері» экспедициясы 5 мың шақырым жол жүрді
Орал қаласынан шыққан «Ұлы дала мұрагерлері» экспедициясы 5 мың шақырым жол жүріп, Ресей Федерациясының Астрахань, Пятигорск өңірлерін аралап, Қырым түбегіндегі Ялта және Бақшасарай қалаларында болды. Саяхатшылар Бөкей Ордасының соңғы билеушісі Жәңгір ханға қатысты тың мәліметтер тапқан.
Туризм • 19 Маусым, 2019
Маңғыстау туризмінде жөнге қояр тұстар бар
Экономиканы көтерудің және елді өзгелерге танытудың бір тетігі – туризмде жатыр. Қазақ даласының сұлу табиғаты мен қайталанбас өнер қолтаңбалары – тарихи-мәдени ескерткіштер дала перзенттерінің қалай мақтануына да татитын, қай елден келген турист-қонақтардың алдында мерейлене көрсетіп, мақтана таныстыруына жарайтын құбылыстар мен құндылықтар.
Аймақтар • 19 Маусым, 2019
«Көкмайса» – туристік әлеуетті көтереді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінде «Рухани жаңғыру» құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз болып қала беретініне ерекше маңыз берді. «Тарихқа құрметпен қарау, Отанға адал болу, ғылым-білімге деген ұмтылыс – мұның барлығы біздің халқымыздың бойындағы асыл қасиеттер. Бұл қасиеттер біздің халқымыздың бірлігін және ұлтымыздың жасампаздығын нығайтады, бәсекеге қабілетті ел болуға жол ашады», деген болатын жаңадан сайланған ел Президенті.
Қоғам • 19 Маусым, 2019
Басты мақсат – адамдардың әл-ауқатын жақсарту
Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту мемлекет үшін қашанда басты бағыт болып қала беретінін Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсетті.