Әдебиет • 22 Маусым, 2022
Жақсы шығарма, әдемі картина, әуезді ән, сұлу мүсін – бәрі-бәрі шын таланттан туады. Біз мұны өнер дейміз. Кейде шығармашыл жандардың өз өнерінен бөлек тағы бір талантты қыры танылып жатады. Мүсінші балшық илеп отырып, ән салуы мүмкін. Композитор ыңылдап отырып, сурет салуы мүмкін. Яки суретшілер де жақсы жаза алады. Әлқисса.
Өнер • 22 Маусым, 2022
Поцифик! Бұл – бейбітшілік таңбасы. Мұқым ұлттың тағдыры қыл үстінде тұрған дүрбелең шақта етегі жасқа толған халықтың тағына қонуына рух берген асаси белгі. Еңіреген жан көрсе енекөкірегі иіп сала берер ұлы тыныштық сезімі кімге де болса шынайы һәм жемісті емес пе?! Мұны британдық суретші Джеральд Холтом жақсы түйсінсе керек. Аңызға сүйенсек, ол да Пикассо секілді алдымен көгершінмен тілдесіпті деседі.
Руханият • 22 Маусым, 2022
Құндылықтарымызға кім қорған болады?
Осыдан бірнеше жыл бұрын Италияның бірқатар ірі мәдени қаласын аралау бақыты бұйырды. Ә дегенде бізді баурап алғаны ондағы атмосфера еді. Бейне бір антика дәуіріне топ ете қалғандай күйді бастан кештік. Ғажап күй, ғаламат сезім! Неге? Себебі онда шынайылық бар еді. Мәдениеті бір басқа, халқының ұлтына деген сүйіспеншілігі еріксіз тебірентті. Тұрғындарының жанарынан өткеніне, тарихи құндылықтарына деген шексіз құрметті көрдік, сездік. Көше бойына сән берген көне ғимараттардың құлаған әр кірпіші мен ажырап түскен әрбір сылағының орнынан өмір үнін іздеген адамдары сонысымен де аяулы көрінді. Ал бізде ше? Бәрі керісінше...
Спорт • 22 Маусым, 2022
Біздің кейбір ағайындар футболды тек қалталы, бай-бағландардың балалары ғана ойнайды деп ойлайды. Жаһандық футбол алаңында доп теуіп жүргендердің көрсеткіші керісінше. Әлемдегі алдыңғы қатарлы елдің ұлттық құрамаларында қарапайым отбасынан шыққан, тынымсыз еңбегінің арқасында үлкен жетістікке жеткен футболшылардың қарасы қалың. Бұған Еуропа чемпионы Луиш Нани, әлем чемпионы Н’Голо Канте, Америка және Африка ұлттары кубогының күміс жүлдегерлері Карлос Тевес пен Мохаммед Салахтың өмірбаяны дәлел.
Аймақтар • 22 Маусым, 2022
Журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін ұзақ жыл атқарған Темір Құсайын ағамыз былтыр 64 жастан асқан шағында кенеттен дүние салды. Зейнет демалысына шықса да қаламын тастамай, жергілікті басылымда бірнеше жаңа жобаға мұрындық болған тәжірибелі тілші тірі болса 19 маусым күні 65 жасқа толар еді. Ардагер азаматты еске алуға арналған кеш оның туған жері – Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданында өтті.