Қазақстан • 19 Маусым, 2019
Сенат депутаттары электронды декларациялау жұмысымен танысты
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед бастаған комитет депутаттары Нұр-Сұлтан қаласындағы кедендік ресімдеу орталығында болып, электронды декларациялау жұмысымен танысты.
Алатау, сағындың ба Кененіңді?
Дүлдүл ақын, бұлбұл әнші, жыраулық, сал-серілік өнердің жаңғырығындай болған Кенен Әзірбаевтың туғанына биыл 135 жыл, дүниеден өткеніне 43 жыл болыпты. Көреген халқымыз зымыран заман деуі сондықтан болар. Ұрпағына телегей теңіз мол мұра қалдырған ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы ғылыми еңбектер жазылып, деректі фильмдер түсіріліп, өнер, әдебиет зерттеуші ғалымдарымыз ұлағатты пікірлерін айтып, ақындарымыз өлең-жырларын арнап жатқаны осының айғағы болса керек.
Сайлау • 19 Маусым, 2019
Ертеңімізге сенім үшін дауыс бердік
Сайлауға дейін де, сайлаудан кейін де елдің есендігі мен ертеңін ойлайтын әрбір қазақстандық үшін бір ғана айнымас ұстаным бар: бүгінгі береке-бірлігімізді ұдайы еселей түсіп, тәуелсіздігіміздің іргетасын нығарлап, тұғырын биіктете беруіміз керек. Осы тұрғыдан алғанда, әлеуметтік әділдік пен зиялы диалог әрдайым мемлекеттің өркениетті дамуының өлшеуіші болып қала бермек.
Батыс Қазақстан облысында жергілікті қоғамдастық мәселелерін шешуге бағытталған жаңа инновациялық әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесі өткелі жатыр. Бұл жөнінде «Ғылыми зерттеулерді қолдау қорының» төрағасы Айболат Құрымбаев хабарлады.
Әлем • 19 Маусым, 2019
Үндістанда қатты ыстықтан 184 адам қайтыс болды
Үндістанның Бихар штатында қатты ыстықтан қаза тапқандар саны өткен сенбіден бері 184 адамға жеткен.