Аймақтар • 19 Маусым, 2017
Медицина қызметкерлері күніне орай Талдықорғанда «Кәсібіңе басымды ием» атты салтанатты жиын өтті.
Медицина • 19 Маусым, 2017
«Маған операцияны Башабаев жасасыншы...»
Ол туралы әріптестері бір-ақ ауыз сөз айтады. «Мықты дәрігер!». Ал шипалы қолын сезінген жандар «Алтын қолды» дәрігер» деп ағынан жарылады. Ол деп жұмбақтап отырғанымыз Шығыс өңіріндегі білікті, тәжірибелі дәрігерлердің бірі, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас хирургі Марат Башабаев.
Бокс • 19 Маусым, 2017
Бейбіт Шүменов WBA белбеуінен айырылды
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті (17-2, 11 КО) тұрақты чемпион белбеуінен айырды.
Ұлттық асхананың стандарты қажет
«Әлемдегі ең қонақжай xалық – қазақтар» деген пікірмен келіспей жүргеніме 9 жыл болыпты. 2008 жылы үш күнге Грузияға барып, қонақжайлылық жөнінде өлшемім күрт өсіп кетті. Әуежайдан күтіп алған такси жүргізушісі, грузин ақсақалының жұпыны дастарқаны емес, риясыз көңілі туралы көлдей мақала жазуға болар еді, бірақ айтарым ол емес.
ЭКСПО-2017 • 19 Маусым, 2017
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Жібек жолы павильонында орналасқан Украина экспозициясының аумағы 35 шаршы метрді құрайды. Шағын ғана аумақты еншілеген олар энергетикаға қатысты бірқатар өнертабыстарын қоюға тырысқан. Мәселен, су мен ғимараттарды жылытуға арналған күн агрегаты, жел генераторы және жарықтан энергия өндіретін қондырғы келушілерді елең еткізуде.