Кино • 19 Маусым, 2017
Режиссер Қанағат Мұстафин «16 қыз» комедиялық фильмінің жалғасы іспетті «Ең сұлу қыз» картинасын түсіріп жатқанын бұдан бұрын айтқан болатынбыз. 21 күнде түсірілім жұмыстарын толық аяқтаған шығармашылық топ енді монтаждау жұмыстарына кірісті. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, «Kanaidarproduction» және «Шешенфильм» студиясы түсіріп шықты.
Отанға қызмет етуден асқан абырой жоқ!
Тәуелсіздігіміздің алтын тірегі ретінде танылған Астанамыз күннен-күнге құлпырып қанатын кеңге жайып келеді. Бас қаламыздың дамуына өз үлесін қосып отырған тиісті салалардың еңбегі де өте зор. Солардың қатарында құрылғанына 25 жыл толған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің қиын-қыстау кезеңдерде адамдардың қауіпсіздігін қорғау мен қоғам тыныштығын сақтауда, зайырлы мемлекетіміздің құқықтық саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарып келе жатқандығын айрықша атауға болады. 25 жылдыққа орай, біз Астана қалалық Ішкі істер департаментінің бастығы Амантай ӘУБӘКІРОВКЕ жолығып, әңгімелескен едік.
Білім • 19 Маусым, 2017
Елімізде 20 маусым мен 1 шілде аралығында ҰБТ өткізілмек. Және биылғы тестілеу алғаш рет жаңа форматта өтеді. Мектеп түлектері тестілеуді 165 ҰБТ өткізу пункттерінде тапсырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрлігінің жоғары және Жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмет-Зәки мәлімдеді.
Үкімет • 19 Маусым, 2017
Мақсат – дәстүрлі дінді дәріптеу
Астана қаласында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті. Өзінің баяндамасында Н.Ермекбаев ведомствоның 2016 жылы атқарған жұмыстың негізгі нәтижелері туралы, сонымен қатар болашақта министрліктің алдына қойылған басты міндеттері туралы айтып берді.
Үкімет • 19 Маусым, 2017
Мәдениет – мәртебеміз, спорт – мақтанышымыз
Қазақстанның қатардан қалмай, қарқынды дамуы жолында мәдениет пен спорттың қосар үлесі қомақты. Қос саланың өткен жылғы атқарған айшықты істері мен алдағы күнге қойған маңызды міндеттері жайында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы халық алдында есеп беру кездесуін өткізіп, кеңінен баяндады.