«Министрліктің құрылғанынан бастап біздің барлық күшіміз адамдардың өмірін жайлы және қауіпсіз, олардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталады. Біз жауап беретін салаларда мемлекеттік саясаттың әрбір қазақстандық үшін түсінікті және айқын болуына тырысудамыз. Осы жұмыстағы басты мақсат – азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, мемлекет пен азаматтық қоғам күштерін біріктіру, зайырлы және демократиялық принциптерді нығайту» деп атап өтті министр.
Н.Ермекбаетың мәліметінше, қазіргі таңда елімізде 18 конфессия жұмыс істейді. Олар 3 658 діни бірлестікке біріккен. Қазақстандықтардың 15 пайызы діни рәсімдерді тұрақты орындайтындар. Азаматтардың 75 пайызы Құдайға сенеді, бірақ тұрақты түрде діни жораларды орындамайды және діни бірлестіктер қызметіне тартылмаған. Азаматтардың шамамен 10 пайызы өздерін атеист немесе агностик деп санайды.
Министр ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірқатар маңызды нәтижесі ретінде ғибадат орындарының маңайында қауіпсіздіктің күшейтілгенін атап өтті. «Бұл жұмыстың нәтижесінде мешіттерде тәртіп бұзу үлесі бірден төмендеді. Сонымен қатар, діни материалдарды тарату арналарына тұрақты мониторинг жасау жолға қойылды. 2016 жылы тек біздің министрлік 10750 сайтты зерделеді. Оның ішінде 1500-ге жуық сайттардан заңсыз контент табылып, олар заң тәртібімен жабылды. 2017 жылы мониторинг объективіне 6 мыңнан астам сайт түсті. Оның ішінде 900-і заңсыз контент таратқан» деді ол.
Бұған қоса ол әлеуметтік желілерге, кітап, баспа өнімдеріне сараптама жүргізілгендігін тілге тиек етті. «2017 жылы 1,5 мыңнан астам объекті сараптамадан өтті. Оның ішінде 54 материал құқыққа қайшы контенті бар деп танылды. Сонымен қатар Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің барлық кітапхана қорына сараптама жүргізілді. Оның барысында 2017 жылы 13 кітап деструктивті мазмұнда деп табылды. Министрлік жұмысының тағы да бір маңызды нәтижесі – экстремизмнің алдын алу саласында Қайта даярлау институтын құруы. Ол министрліктің әдістемелік қолдауымен «Нұр Мүбәрак» университеті базасында жұмыс істейді. 2016 жылдың қазан айынан бастап осы институттан 40 имам мен теолог мамандар дайындықтан өтті», деді Н.Ермекбаев.
Министрлік үкіметтік емес ұйымдармен гранттар және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде жобалық ынтымақтастықты дамытуда. 2017 жылы гранттық қаржыландыру 3 есе артып, 650 млн теңгені құраған. Жылдың басында эксперттік комиссия 42 грантты берген. Барлығы 183 ұйымнан 320 өтініш қарастырылған.
«Біз 2016 жылы жобалардың тек қана республикалық деңгейде болуы жайлы үкіметтік емес ұйымдардың сынын ескердік. Биыл гранттардың үштен бір бөлігі өңірлердегі жұмысты және жергілікті қауымдастықтың дамуын ескереді. Кейін бұл тенденция ары қарай дами беретін болады», деді министр.
Сөз соңында Дін істері және азаматтық қоғам министрі жүргізілген жұмыстар министрліктің 2016 жылға арналған стратегиялық жоспарының межеленген көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
«Әлеуметтік зерттеулер Дін саласындағы мемлекеттік саясатты халықтың қолдау деңгейі 87 пайызды құрағанын, азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын жақсы бағалау 60 пайызға жеткенін, мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуына ризашылық білдіргендер 75 пайызды құрағанын көрсетті», деді Н.Ермекбаев.
Астана қаласында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті. Өзінің баяндамасында Н.Ермекбаев ведомствоның 2016 жылы атқарған жұмыстың негізгі нәтижелері туралы, сонымен қатар болашақта министрліктің алдына қойылған басты міндеттері туралы айтып берді.
Азаматтардың мүддесі ескеріледі
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40
Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл күшейе түсті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:33
Жетісудағы тұңғыш иппотерапия орталығы
Аймақтар • Бүгін, 09:30
Жауапкершілікке тарту үдерісін жеделдету маңызды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:28
Күнкөріс деңгейі қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 09:25
Инфляция • Бүгін, 09:23