Аймақтар • 29 Маусым, 2017
Астанада Кенесары көшесі уақытша жабылады
Астанада Кенесары көшесі 30 маусымнан 12 шілде аралығында жабылады, деп хабарланды елордалық әкімдіктің ресми сайтында.
Аймақтар • 29 Маусым, 2017
Батыс Қазақстан облысында Қазталов ауданының әкімі ауысты
Өңір басшысы Алтай Көлгіновтің бұйрығымен, аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Қазталов ауданының әкімі болып бұған дейін Сырым ауданын басқарып келген Абат Шыныбеков тағайындалды.
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Байқаушылар миссиясының басшысымен кездесті
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға ТМД-дан байқаушылар миссиясының басшысы болып тағайындалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқару комитеті төрағасының − Атқарушы хатшысының бірінші орынбасары Виктор Гуминскиймен кездесу өткізді.
Аймақтар • 29 Маусым, 2017
Бақтияр Маратұлының Ақтау қаласына, Каспий теңізінің жағасына келіп қызмет етіп жатқанына әлі бір жыл да бола қоймапты. 23 жастағы жігіттің қазақ даласының батыс өңіріне, соның ішінде киелі Маңғыстау даласына табаны алғаш рет тиген екен.
Аймақтар • 29 Маусым, 2017
Жансейіт Түймебаев: «Қылмысты азайтудың ұтымды жолы - жұмыссыздықты жою»
Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыстық ахуал тұрақты. Соңғы бес айда қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 25,1 пайызға, көшелерде жасалған қылмыстар 32,4 пайызға төмендеген. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция бастығы, полковник Әбдіғани Сейдуалиев мәлім етті.