Руханият • 20 Маусым, 2024
«Америка дауысын» шулатқан қаламгер
Қазіргі кезде сатира сардарының бірі саналатын Берік Садырдың әзіл-оспақ аулына ат басын бұруы бекер емес. Әрідегі атасы Сүйіндік – үндемей отырып, ыңғайына қарай тауып айтып, тиіскенін сөзбен сүйкеп кеп жіберетін кісі болыпты. Ел арасында «Сүйіндіктің сүйкемесінен сақтан» деген тіркес кеңінен тараған екен. Бекеңе де «сүйкеп» айту сүйегіне біткен көрінеді.
Еңбек • 20 Маусым, 2024
Өңірде еңбек етудің жауапкершілігі
Бүгінде елге қызмет етемін деген білікті де білімді жастарға мемлекеттік қызметке орналасу жеңілдеді. Өткен жылы мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен жоғары оқу орындарын мемлекеттік грантпен әрі GPA 3,33-тен төмен емес көрсеткішпен бітірген түлектерді аудан және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурссыз тікелей тағайындау мүмкіндігі қарастырылды.
Сұхбат • 20 Маусым, 2024
Тұрғын үй саясатын реттейтін заң
Кейінгі жылдары елімізде тұрғын үй қатынастарындағы түйткілдер жиілеп кетті. Мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен және мемлекеттік бағдарламалар аясында баспанамен қамту ісі біршама дұрыс жолға түссе де, мәселенің түбегейлі шешілетін түрі жоқ. Ол үшін сапалы, жүйелі заң керектігі көптен бері айтылып жүр. Жуырда Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қабылдап, Сенатқа жолдады. Жүздеген өзгерту енгізілген заң төңірегінде әлі де сұрақ көп. Ол сұрақтарға бір ғана сұхбат арқылы толыққанды жауап алу да мүмкін емес. Осы орайда заң жобасын дайындаумен айналысқан Мәжілістегі жұмыс тобының жетекшісі, депутат Ұлықбек ТҰМАШИНОВПЕН жолығып, жаңа заң туралы сұрап-білген едік.
Салық • 20 Маусым, 2024
Осыдан екі жыл бұрын қолға алына бастаған жаңа Салық кодексі әрбір кәсіпкер мен қарапайым салық төлеушіге түсінікті болумен қатар, ел экономикасына да оң ықпалын тигізуі керек. Алайда мемлекеттік органдар әзірлейтін салық заңнамасының жобасы бизнес өкілдерінің ұстанымымен үндесе бермейтінін де атап өткен жөн. Бүгінде кәсіпкерлер мен салалық сарапшылардан 60-тан аса ұсыныс келіп түскен.
Жастар • 20 Маусым, 2024
Мемлекеттік қызметтегі маңызды бастама
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 5 жыл бұрын Президенттік жастар кадр резерві іске қосылды. Басты мақсат – билік тармақтарында басқарудың жаңа мәдениетін қалыптастыру. Сондай-ақ бастамашыл, креативті ойлайтын жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Бүгінде бұл бірегей мүмкіндікті қалт жібермеген 400 жас бар. Оның 70%-ы орталық және жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарға тағайындалып үлгерді.