Қазақстан • 18 Маусым, 2019
Қарапайым халыққа назар көбірек аударылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз қызметіне кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзі өте мағыналы болды деп санаймын. Оның жеке адамның пікірі мен ұсынысына көңіл аудару керектігі жөнінде айтқан ойы меніңше өте дұрыс. «Әрбір азаматтың пікірі – біз үшін өте маңызды. Өйткені халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі – біздің ең басты құндылығымыз. Осы құндылықты көздің қарашығындай сақтау – баршамызға ортақ парыз», деді ол өзінің сөзінде.
Әлем • 18 Маусым, 2019
Гонконг басшысы халықтан кешірім сұрады
11 маусым күні Гонконгте миллиондаған қатысушы жиналған ереуілде көлік қозғалысы тоқтатылып, үлкен қақтығыстар болды.
Қазақстан • 18 Маусым, 2019
Кеше Nur Otan Talks алаңындағы кезекті отырыс «Team Qazaqstan: жастар және сайлау» деген тақырыпта өрбіді. Жастардың сайлаудағы және сайлаудан кейінгі белсенділіктері қызу талқыланған жиынға Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қатысты.
Әлем • 18 Маусым, 2019
Пекин-Париж ретро-раллиінің қатысушылары Нұр-Сұлтанда тоқтады
Пекин-Париж бағытындағы VII Халықаралық ретро – ралли 1907 жылдан бері алғаш рет Қазақстан территориясымен жүріп өтті.
Экономика • 18 Маусым, 2019
Экономикалық байланысты нығайтатын қадамдар сараланды
Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Грузия, Литва және ТМД елдерінің дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті.