Әлем • 18 Маусым, 2019

Гонконг басшысы халықтан кешірім сұрады

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 маусым күні Гонконгте миллиондаған қатысушы жиналған ереуілде көлік қозғалысы тоқтатылып, үлкен қақтығыстар болды.

Гонконг басшысы халықтан кешірім сұрады

Ереуілдің басты себебі елде экстрадициялау туралы заңның қабылдануы еді. Заң бойынша мемлекет өз аумағындағы қылмыскерлерді қылмыстық жауапқа тарту мақсатымен Тайвань, Макао, Қытай Халық Республикасының кейбір континенталды аумақтарына жібереді. Бұл заң елдің наразылығын тудырып, ереуілге шығуына алып келді. Соның нәтижесінде 15-тен 66 жасқа дейінгі 72 адам ауруханаға жатқызылды, ал полиция қызметкерлері 11 адамды тәртіпсіздік үшін ұстаған.

Гонконгтың әкімшілік басшысы Керри Лам үкіметтің жұмысындағы кемшіліктер мен қайшылықтарға әкеліп соқтырған оқиға үшін халықтан кешірім сұрап,  қоғамға қызмет етуді шынайы түрде жақсартуға уәде берді.


Жанар ЕРБОЛ,

ЕҰУ студенті