Қазақстан • 15 Маусым, 2018
Қазақ қыздарына арналған музей беделді Халықаралық ұйымға мүше болды
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Ақтұмар» тарихи-этнографиялық музейі штаб-пәтері Италияның Мерано қаласында орналасқан Халықаралық Әйелдер музейі Ассоциясына мүше болды, деп хабарлайды оқу орнының Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі.
Бокс • 15 Маусым, 2018
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек 15 қыркүйекте өтеді
Өткен жылдың қыркүйек айынан бері күрмеуі шешілмей, ортақ бір мәмілеге келе алмай жатқан орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) ұзақ уақыт келіссөзден соң ақыры ымыраға келіп, араға жыл салып екінші рет жекпе-жек өткізуге уағдаласты.
Футбол • 15 Маусым, 2018
Жасыл алаңда – «Жасыл бүркіттер»
Футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жеребе тарту рәсімінен соң бірқатар футбол мамандары «D» тобына ең мықты құрамалар жиналғанын айтып жатты. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл топтағы барлық команда – плей-офф кезеңіне өтуге лайық құрамалар. Топтан шығу үшін жұлдызды Аргентина, дегенінен қайтпайтын Исландия, жаралы Хорватия және күліп жүріп жеңіске жететін Нигерия құрамалары сынға түседі.
Футбол • 15 Маусым, 2018
Өткен чемпионаттың тартысын қыздырып, төрт жылдықтың басты сенсациясына баланған Коста-Рика құрамасы бұл жолы да сайланып отыр. 2014 жылы олар ширек финалға дейін жетсе, биыл одан әріге барамыз деп мақсат қойды. Қайта-қайта батпан құйрық бұларға қайдан болсын деп ойлағандарға қарсы айтар уәжіміз бар. Сонымен қатар бұл командада Ельцин есімді футболшы өнер көрсетеді.
Қазақстан • 15 Маусым, 2018
SANTO компаниясы «Өмір ырғағы» атты скринингтер сериясын өткізді
Дәстүр бойынша мамыр айының екінші сенбісінде Дүниежүзілік күретамыр гипертониясы күні атап өтіледі. Дәрігерлер «білдірмей алатын ауру» деп ат қойған бұл дерттің алдын алу мақсатында SANTO компаниясы еліміздің бірқатар қалаларында «Өмір ырғағы» атты жедел скринингтер сериясын өткізді. Бұл акция Орал қаласында мәреге жетті.