Қоғам • 18 Маусым, 2019
Жұмыссыздар қайтарымсыз қаражат алды
Маңғыстау ауданынан төрт және Ақтау қаласынан бір жұмыссыз әйел қайтарымсыз қаражат алатын болды. Бұл нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Бағдарлама қатысушыларының әрқайсысы жаңа бизнес-идеяларын іске қосу үшін 250 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант алады.
Қоғам • 18 Маусым, 2019
Бір үзім нан үзіліп бара жатқан өмір отын өшірмей, сақтап қалады. Бір үзім нан үшін пенде қиянатқа да баруы мүмкін. Бір үзім нан үшін бір кездері адамдар жан алып, жан беріп, сергелдеңге түскен.
Аймақтар • 18 Маусым, 2019
Ғұмыры ғибратқа толы абзал жандар аз емес. Атырау десе, қасиетті құм Нарын десе, алғашқылардың қатарында есімі аталатын Нариман Үлкенбаевтың та өмірі өнегеге толы болды. Еңбек жолын медицина саласынан бастағанымен, табиғат берген дарыны өнер әлеміне әкелген Нариман Үлкенбаевты ел Қазақстанның Мәдениет қайраткері, күйші-композитор, әнші, сөз зергері ретінде таныды. Сөйлесе – сөзге шешен, шырқаса – әні келіскен, төгілте тартса – күйі күмбірлеген, шабыттанса – қара өлеңнің қасиетін танытқан өнер иесінің артында мол мұра қалды.
Аймақтар • 18 Маусым, 2019
Екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһары түркі мәдениетінің ордасы болып саналады. Бұл ретте талайғы Таразға қызығушылар қатары да аз емес. Түрлі тарихи орындар, ежелгі ескерткіштер, тастағы таңбалардың бәрі де ұлт тарихының ұстыны бола алатын құндылықтар. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Тараз төрінде Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Әулиеата бояулары» І халық шығармашылығы фестивалі өтті. Аталған фестивальға Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарынан суретшілер келді.
Руханият • 18 Маусым, 2019
Бас шаһар жұртшылығы жыл сайын асыға күтетін «SAMGAU» халықаралық театр фестивалі биыл да өз салтанатымен шымылдық түрді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған ауқымды мәдени оқиға елорда күніне арналған мерекелік шаралар легінің көшін бастап тұр.