Қазақстан • 15 Маусым, 2018
Киелі жерлерге баратындар көбейді
Үкіметтің баспасөз орталығында «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасының жүзеге асырылуы турасында брифинг өтті.
Өнер • 15 Маусым, 2018
Жолбарысты жүгендеген әулет Алматыда өнер көрсетеді
Әулетке дарыған өнердің арқасында уссури, бенгал жолбарыстарымен жиырма жыл әлемді шарлаған Карина мен Артурдың алдағы күндері Қазақстандағы гастрольдік сапары басталады.
Қазақстан • 15 Маусым, 2018
Көктауға түс ауа жеттік. Суретшілер бара сала асай-мүсейлерін арқалап, көрікті табиғатты кенепке түсіруге асықты. Айналадағы әр тасқа, әр талға таңдана-тамсана қарайды. Ал жазған картиналары... Шедевр дерсің. Бояулары да бір-біріне ұқсамайды, сан түрлі.
Медицина • 15 Маусым, 2018
Еңбек мигранттары арасында жұқпалы ауру көп
Бүгінде халықтың көшіп-қонып табыс табуы әлемдік экономиканың маңызды факторына айналғанын кім жоққа шығара алады. Қазір жаһандық еңбекші алмасуға тартылмаған ел жоқтың қасы. Ал Қазақстан бүкіл әлемде мигранттар қабылдау жөнінен 7-орында тұр. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, елімізде 300-500 мыңнан 1 миллионға дейін тіркелмеген мигрант күнкөріс қамымен жүр. Олардың арасында түрлі жұқпалы ауруларға, оның ішінде туберкулез және АИТВ (ВИЧ) сияқты дерттерге шалдыққандар болуы әбден мүмкін. Көшіп жүріп табыс табу әлемдік үдеріске айналғандығы соншалықты, қазір халықаралық мінберлерде мигранттарға медициналық көмек көрсету, емдеу мәселесі жиі көтеріле бастады.
Футбол • 15 Маусым, 2018
Ресей — Сауд Арабиясы: қызықты фактілер
Кеше Ресей ұлттық құрамасы әлем чемпионатының ашылу ойынында Сауд Арабиясын 5:0 есебімен жеңді.