Қазақстан • 21 Маусым, 2022
КТК: Құбыр қожайындарының қулығы ма?
Екі-үш ай бұрын біраз қиындықты еңсеріп, қалыпты жұмысына енді кірісе бастаған Каспий құбыр консорциумы (КҚК) тағы да үзіліс жасауға мәжбүр болып отыр. Ресми дерек бойынша КҚК-дегі 1-ші және 2-ші айлақтық құрылғылардың жұмысы тоқтап қалды. Тиісті тараптың уәжіне қарағанда, енді теңіз табанынан Екінші дүниежүзілік соғыс заманынан қалған жарылғыш заттар табылып жатқан көрінеді. Ресей БАҚ-тары таратқан ақпаратта КҚК-дегі мұнай тиейтін құрылғылар жанындағы акваторияда 50 потенциалды қауіпті нысан анықталғаны айтылады.
Қазақстан • 21 Маусым, 2022
Қазақ жылқысы жершіл келеді. Өзінің туған топырағынан жыраққа кеткен немесе алыс жерге сатылған, я болмаса сыйға тартылған текті жануарлар барған мекенді жерсінбей қайта қашып келген оқиғалар жетерлік. Тіпті сонау жаугершілік заманда жаудың айдауында кеткен үйірін қайыра айдап, еліне аман-есен әкелген текті айғырлар жайлы да аңыз бар. Осы орайда еріксіз алысқа айдалып барған жерінен туған өлке, тума табиғатын аңсап, адамның табаны тимеген қия-жартас, ағысы қатты асау өзен, ұшы-қиырына көз жетпейтін құла дүзді кесіп өтіп, топырағына оралған жылқылар жайлы деректі – этнографиялық оқиғаларды ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 21 Маусым, 2022
Жаңа Қазақстан – баршаға мүмкіндік
Күні кеше ғана ұлт ұясы Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда ел Президенті «Жаңа Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуға тиіс» деп баса айтты. Расында да, еңбекқор ұлт – жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті ел. Оны жүзеге асыру үшін тек мемлекет қана емес, осы елдің әрбір азаматы ынталы болуы қажет. Масылдық пен ғапылдықтан арылсақ, еліміз өсіп-өркендейтіні хақ. Демек Жаңа Қазақстанды құрамыз десек, осы бір жағымсыз әдеттен арылуға тиіспіз. Ал екі қолға бір күрек таппай жүргендерді барынша демеп, Абайша айтсақ, дүниеге кірпіш болып қалануына жағдай жасап, өмірде өз жолын табуға мүмкіндік беруіміз қажет. Мемлекет басшысы осыны көздесе керек. «Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қорының мақсат-міндеті де осы. Біздің бастағалы отырған ауқымды әрі салмақты жобамыз елдегі саяси өзгеріспен үндесіп тұрғандай.
Қоғам • 21 Маусым, 2022
Елордада астан уланған 101 науқас ем қабылдап жатыр
Елордада тамақтан уланған 18 адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 21 Маусым, 2022
Қазақстан мен Қатар экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда
Бүгін Дохада ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Қатар мемлекетінің Сауда және индустрия министрі - жоғары деңгейдегі Қазақстан-Қатар бірлескен комиссиясының тең төрағасы шейх Мұхаммед бин Хамад Әл Танидің кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.