Аймақтар • 17 Маусым, 2019
Алматыдағы «Достық» үйінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жаңа толқын 100+» атты жастар форумы болып өтті. Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қанатының өкілдері өткен жылдың қорытындысын жариялап, қарым-қатынас жасаудың жаңа мүмкіндіктерін талқылау үшін әр өңірден келіп бас қосты. Жастар қанатының тұсауы кесілгелі бері нақты бір мақсатқа анық қол жеткізілді. Ол – ҚХА жастар ұйымдарының түрлі міндет арқалаған құрылымдары өмірге келіп, «Жаңғыру жолының» 17 облыстық және қалалық штаб қозғалыстары құрылып, оған 5 мыңға жуық белсенді жас жұмысқа тартылды.
Қоғам • 17 Маусым, 2019
«Қорғас» бекетінде декларацияланбаған ұялы телефондар тәркіленді
Үстіміздегі жылдың 15 маусымы күні сағат кешкі 18-ден 10 минут кеткенде «Алтынкөл» кеден бекетінің Халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы «Қорғас» өткізу пунктінің жолаушылар терминалында кезекті кедендік тексеру барысында кеден қызметкерлері мен шекара қызметкерлері бірлесе отырып, кедендік тексеруден жасырылған үлкен көлемде ұялы телефондарды тәркіледі.
Руханият • 17 Маусым, 2019
Әлкей Марғұлан мұраларына арналған көрме ашылды
Мемлекеттік Орталық музей қабырғасында академик Әлкей Марғұланның 115 жылдық мерейтойына орайластырылған «Дара тұлға» атты көрме ашылды. Көрерменді қазақ халқының дара перзенті Ә. Марғұланның өмір жолымен, отандық филология, археология, этнография, сәулет өнері сынды ғылымдарға қосқан үлесімен таныстыруға арналған экспозиция шілденің ортасына дейін жалғасады.
Қазақстан • 17 Маусым, 2019
Мәжіліс Мәдениет және спорт министрінің кандидатурасымен келісті
Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Депутаттар Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалатын Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасын қолдады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 17 Маусым, 2019
Н.Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды
Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.