Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин: «Мұғалім бәрінен де қымбат» дейді. Шынында, үлкен үмітпен білім ұясының табалдырығын аттаған сәтте алдыңнан күлімсірей шығатын, шын ниетпен қарсы алатын, әріп танытып, азамат етіп қанаттандыратын мұғалім ата-анадан кейінгі аялы алақан иесі екені анық.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Америкада дәріс оқитын қазақ қызы
1993 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалып, сол уақыттан бері көптеген қазақ жастары шетелдің озық оқу орындарында білім алып келе жатқаны белгілі. Осындай жастардың бірі өскемендік Райхан ТОҚПАТАЕВА «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2010-2011 жылдары Американың Индиана штатының Уэст-Лафейетт қаласындағы Purdue университетінің магистратурасын тәмамдаған болатын. Содан кейін елге оралып, Астанадағы Назарбаев Университетте 2012 жылдың соңына дейін жұмыс істеген бойжеткен қазір АҚШ-тың жоғарыда аталған оқу орнының PhD докторантурасында оқиды. Жақында Өскеменге қысқа мерзімге демалысқа келген «Болашақ» түлегімен аз-кем сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Әлем • 13 Маусым, 2018
«Реалдың» жаңа бапкері: Месси тарихтағы үздік ойыншы
Кеше Мадридтің «Реалы» команданы келесі маусымда Испания ұлттық құрамасының қазіргі бапкері Хулен Лопетеги жаттықтыратынын ресми түрде жариялады. Әлем чемпионатының басталуына екі күн қалғанда мұндай жаңалықты хабарлауына басты себеп – ұлттық құрама ойыншыларының бұл құпияны өзара сақтай алмауында болған көрінеді.
Аймақтар • 13 Маусым, 2018
Соңғы үш жылда Алматыға келген шетелдік туристер саны 14 пайызға артқан
Алматы шаһарына туристер тарапынан қызығушылық жыл сайын артып келеді. Соңғы үш жылда оңтүстік астанаға келген шетелдік туристер саны 14%-ға өссе, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Оңтүстік Кореядан, Индия, Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ және Германия Федеративті Республикасынан келген туристер саны жүз отыз мыңнан асқан.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Аймақ өмірінің айнасы - «Жетісу» газетіне 100 жыл
Сөз жоқ, ХХІ ғасыр – ақпараттық ат ойнату, бітіспес идеологиялық күрес ғасырына айналды. Осындай өрістің өзінде Қазақ елінің байрақты бейнесін әспеттей әуелетер қазақ журналистикасы қандай күйде дегенде мүдіре қоймасымыз хақ! Әйтсе де бүгінгідей ақпарат шеруі әлемді шарпыған шақта журналистиканы дамыту – ұлттық қауіпсіздікті сақтау деп түйсінгеніміз абзал. Бағдарлап қарасаңыз, қазіргі таңда еліміздің идеологиялық мақсат-мұраты, ұлттық асыл қазыналарды сақтап қалу, халықтық қалыпты негіздету секілді ең басты міндеттерінің ауыр жүгін журналистер қауымы арқалап келеді. Және солай болып қала да бермек! Бұл ретте біз де әрдайым аймақтық ата басылымға тән сөз саптап жатсақ – оқырманымыздың олжаға кенелгені. Қатарымызға ұлтжанды, шығармашылық әлеуеті салмақты қызметкер қабылдап, һәм қанаттандырып, түлетіп жатсақ, бұл да – оқырманның ұтқаны. Алдыңғы аға толқыннан кейінгі толқынға келелі ұласқан киелі дәстүрге кір жуытпай келсек, мұнымызды да оқырманның көмбелі қазынасы деп ұққайсыздар!