Жансарай • 17 Маусым, 2024
Мәңгілік Әуезовтер: Мұхтар, Мұрат...
Бұл есімдер – кейінгі қазақ әдебиеті мен тарихы аспанында найзағайдай жарқылдап, алтын әріппен жазылған есімдер. Ұлттың абыройы болып асқақтау, елдің намысы мен байрағы болып желбіреу, әр күн сайын ақиқатты ту етіп тірлік кешу бұлардың бүкіл саналы ғұмырының бұлжымас заңына айналды.
Қоғам • 17 Маусым, 2024
«Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті қазақ күресін насихаттауға, дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Өткен апта соңында қоғамдық-саяси газеттің 100 жылдық мерейтойына орай Түркістан қаласында қазақ күресінен турнир өтті. Жастарды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында 61 жыл бойы тұрақты ұйымдастырылып келе жатқан турнир қазақ күресін халықаралық, әлемдік деңгейде танытқан талай балуанның тұсауын кесті.
Кәсіпкер • 17 Маусым, 2024
Ұлттың ою-өрнегін ауылда отырып-ақ брендке айналдыруға болады. Тек кәсібіне деген адалдық пен сенім керек. Мәселен, ісмер Гүлзат Нүсіпхан қазақы нақышта құрақ көрпе тігіп, үйге қажет көпшік пен бөстекке ұлттық оюларымызды қондырған. Мұны көрген жетісулықтар кәсіпкер келіншектің өнерін жоғары бағалап, осы саланы дамытуға жәрдемдеседі. Бүгінде тауарлары сұранысқа ие, тұтынушылар кезекке тұрады.
Жәдігер • 17 Маусым, 2024
Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІІ және І ғасырда еуразиялық кеңестікте ірі көшпелі империя құрған ғұн бабаларымыз адамзат тарихында әскери-әкімшілік басқару құрылымы берік мемлекет орнатқаны шындық.
Қоғам • 17 Маусым, 2024
«ҚТЖ»-ның жаңа тарифтік саясаты отандық тауар өндірушілердің мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін
13 маусымда «Атамекен» ҰКП-да «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жаңа тарифін әзірлеу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдерімен және PWC кеңесшілерімен мемлекеттік органдар, бизнес (тау-кен металлургия кәсіпорындары, тасымалдаушылар, агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары бірлестіктерінің өкілдері және т.б.) арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.