Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Заңнама институтының құрылғанына – 25 жыл
Елімізде ұлттық заңнаманы қалыптастыруда, халықтың құқықтық мәдениет деңгейін көтеруде, құқықтық көмек пен насихат және заң қызметтерін көрсетуде Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы Жарлығына сәйкес құрылған, яғни биылғы жылы 25 жыл толатын Қазақстан Республикасының Заңнама институты мен Республикалық құқықтық ақпарат орталығының орны ерекше.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Президент сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2018 жылғы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және алғысын жариялау жөнінде Қоғамдық комиссияның отырысы өтті.
Әлем • 13 Маусым, 2018
Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуі ортақ келісіммен аяқталды
Кеше АҚШ пен Корей Халық Демократиялық Республикасының басшылары кездесіп, екі ел арасындағы қордаланған мәселелерді талқылады. Бұл – екі елдің іс басындағы президенттерінің тұңғыш кездесуі. Дональд Трамп пен Ким Чен Ын жүздескен Сингапур саммитінің басты тақырыбы ҚХДР-ды ядролық қарудан тазарту мәселесі болды.
«Бала тәрбиесі бесіктен» деген мәтелді білгенімізбен, баланы бесіктен тәрбиелей бермейтініміз тағы рас. Әркімде шаруа шаш-етектен, аралас-құраластық та уақыт алады. Оның бәрін айналып келгенде бос уақыттың есебінен түгендегенімізбен, балаға бөлетін уақыттың еншісінен қарпып жатқанымызды ата-аналар қауымы аңдай да бермейміз.
Саяси диалог пен ынтымақтастықтың маңызды платформасы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға сапары барысында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларының XVIII отырысына қатысқаны белгілі. Циндао (ҚХР) қаласында 9-10 маусымда өткен жиында ШЫҰ мүше-мемлекеттері мен бақылаушы-мемлекеттерінің басшылары, сонымен қатар түрлі халықаралық ұйымдардың жетекшілері болды. Бұрынғылардан ерекшелігі – аталмыш саммит ШЫҰ кеңейтілгеннен кейін және Ұйым мүшелігіне Үндістан мен Пәкістан толыққанды қабылданған соң бірінші рет өткізіліп отыр.