Жоба • 15 Маусым, 2023
Өртті ауыздықтайтын машина жобасы дайын. Бірақ жауапты орындардан қолдау болмай тұр
Абай облысындағы орман өрті елдің қабырғасын қайыстырды. Материалдық, экономикалық шығынды былай қойғанда, 15 отбасының қайғыдан қан жұтқаны кімді де болсын толғандырмай қоймайды. Төтенше жағдай кезінде техниканың тозғаны туралы әңгімелер де айтылды. Тілсіз жаудан сақтану үшін қандай қадамға барған жөн? Ізденістің ізіне түскен адамдарға мемлекет тарапынан қаншалықты қолдау көрсетіліп жатыр?
Спорт • 15 Маусым, 2023
Халқыма қашанда қарыздармын – Ақжол Махмұдов
«Қазақ, қырғыз – бір туған» деп жатамыз. Осы орайда бөтенсітпей өзімізге тарта сөз қозғар болсақ, спортсүйер қауым Ақжол Махмұдовты жақсы біледі, оны ерекше құрмет тұтады. 1999 жылдың 15 сәуірінде Қырғызстанның Ош облысындағы Араван ауданында қарапайым отбасында туып-өскен ол, бозбала шағында-ақ балуандық өнерге мықтап ден қойды. Уақыт оза тарихта қаларлықтай талай биікті бағындырды. Ақжолдың әлем чемпионы, Олимпия ойындары мен Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, тағы басқа толып жатқан атақтары бар. Ал егер бұл балуан сәуір айының бел ортасында 24 жасқа толатынын ескерсек, Махмұдовтың үлкен спорттағы жарқын жеңістері әлі алда деп нық сеніммен айтуға болады. Жуырда Ақжолмен әңгіме-дүкен құрған едік
Футбол • 15 Маусым, 2023
Солтүстік Ирландияны жеңе аламыз ба?
Ұлттар лигасының былтырғы маусымында Еуропа футболын таң қалдырып, мамандар назарын өздеріне аудартқан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті тур ойындарын өткізу үшін кәрі құрлыққа аттанды. Ертең түнде Магомед Адиев шәкірттері Италияның Парма қаласында Н тобының аутсайдері Сан-Мариномен кездессе, араға үш күн салып (19 маусымда), Белфастта Солтүстік Ирландия құрамасымен ойнайды.
Егемен Қазақстан • 14 Маусым, 2023
Спорт • 14 Маусым, 2023
WKF-каратэден Жапонияда өткен Премьер-лига бәсекелерінің кезекті жарыс кезеңі аяқталды. Күншығыс еліндегі сайыста 47 елден келген 300-ден аса каратэші бас жүлде үшін бақ сынады. Олардың қатарында жерлестеріміз де бар.