Қазақстан • 14 Маусым, 2019
Жаңа құрамдағы алғашқы басқосуын өткізді
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде министрліктің қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамдағы бірінші отырысы өтті. Отырыс барысында Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды.
Қазақстан • 14 Маусым, 2019
Рецептісіз сатылған дәрі-дәрмек көлемі артуда
Кеше Үкімет Үйінің баспасөз орталығында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков дәрі-дәрмектерді таңбалауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Үкімет • 14 Маусым, 2019
Сенат Төрағасы Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Сенатта Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі кеңестің екінші отырысы болды.
Сұхбат • 14 Маусым, 2019
«Данаяны» қайта «тірілткен» қазақ
Есім сойы қазақ кескіндемесіндегі жаңа реализмнің жарқын өкілі ретінде жұртшылыққа жақсы таныс Жұмақын Қайрамбаев қылқалам дейтін құдіреттің құпиясын шебер меңгерген дәулетияр дарын иесі. Қадымнан қалған қазақы нақышты заманауи талғаммен үйлесімді үндестірген суретшінің қаламынан тамған туындылар Ресей, Германия, Аустрия, Бельгия, Италия, Венгрия, АҚШ, Жапония, Түркия елдерінің мұражайларын тегіс шарлады. Автордың жеті бірдей іргелі шығармасы Қазақстан Президентінің резиденциясына қойылған. Дегдар өнердің терең діңінен нәр алып, өнегелі өмірін ұстаздық жолмен ұштастырған туындыгермен сурет өнері турасында әңгіме өрбіткен едік.
Қоғам • 14 Маусым, 2019
Рухани жаңғыру бағдарламасының мазмұны халқымыздың өткенімен, тарихымен тамырласып жатқаны айқын. Болашағымыздың баянды болуы өткенімізді жан-жақты бағамдап, содан сабақ алуымызға байланысты екендігі сөзсіз. Тарих сахнасына шыққалы бергі қазақ ұлтының қатпарлы тарихы ертеңімізді пайым-парасат төңірегінде түгендеуге үндейді.