Ахмет Байтұрсынұлы • 19 Маусым, 2022
Естеліктер айшықтаған алып тұлға
Отаршылдыққа қарсы ояну дәуірінің рухани бағытын, саяси ұстынын айқындаған тумысы бөлек реформаторлар шоғырындағы ұлық тұлға Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-шығармашылық және күрескерлік ғұмырының бел-белестерін тануда түрлі мазмұндағы естеліктердің маңызы асқарлы. Тоталитаризм қиянатына ұшыраған туған-туысқандары мен мұрагерлері, толассыз қудалаулардан аман қалған бірлі-жарым мұраттастары, ұстаздық тәлім-тәрбиесін алған ізбасар шәкірттері, өмір ағымының түрлі ағыстары тоғыстырған көзкөргендердің жазбалары саф қасиетке ие.
Тарих • 19 Маусым, 2022
Қазақтың ұлы ханы Абылайдың кешегі Қызылжар қаласына тікелей қатысы бар. Аты алғаш шыққан жоңғарлармен болған шайқаста ол Төле бидің қосындарымен келіп, Қанжығалы қарт Бөгенбай батырдан бата алып, жоңғардың бас батыры Шарышпен жекпе-жекке шығып, жеңіске жеткенін, сосын қалың қолға рух беріп, «Абылайлап» жауға шабатынын бәріміз білеміз.
Қазақстан • 19 Маусым, 2022
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы – еліміздің руханият ордасы, ғылым, білім мен ақпарат кеңістігінің орталығы ретінде көпке танымал. Алматылықтар ғана емес, алыс-жақыннан келген ғалымдар, мыңдаған оқырман қауым бас қосатын кітапхана талай ғасырлардың куәгерлеріндей ұлттық құндылықтарды өз қорында сақтап, өскелең ұрпақтың қажетіне жаратуда. Өзінің саналы ғұмырын осындай оқу мен білім ордасында жұмыс істеуге арнап, қазір осы іргелі мекеменің директоры қызметін атқарып отырған еліміздегі бас кітапханашылардың бірі – Бақытжамал Оспанова. Біз қадірлі әріптесімізді кітапхана ісінің ақпараттық, ғылыми-әдістемелік орталығы – Ұлттық кітапханасының басшысы ретінде ғана емес, еңбек жолын қатардағы кітапханашылықтан бастаған және 40 жылдан астам осы салада еңбек етіп, талай шәкірт тәрбиелеген қайраткер ұстаз ретінде де құрмет тұтамыз.
Аймақтар • 19 Маусым, 2022
Сабантой – ізгі тілек, ақ ниеттің құндағындай
Облыс орталығының іргесіндегі Бұқпа тауының баурайында татар мен башқұрт халқының ұлттық сабантой мейрамы аталып өтті. Мәнді шара барысында Татарстанның Президенті Рустам Миннихановтың құттықтау хаты оқылып, қияндағы Қазан қаласынан келген өнерпаздар әуелете ән салып, би биледі.
Қоғам • 19 Маусым, 2022
Әскери шабуылды тоқтатуға шақырды
Елордада Сирия жөніндегі Астана процесінің 18-ші кездесуі өтті. Кездесу екі күнге созылып, нәтижесінде, кепілгер-мемлекеттер – Ресей, Түркия және Иран бірлескен мәлімдеме жасады. Аталған елдермен қатар, іс-шараға Сирия үкіметі мен сириялық оппозиция өкілдері қатысты.