Аймақтар • 21 Маусым, 2021
Осы жылдың 1 шілдесінен бастап аяқ киімдерді міндетті цифрлы таңбалау жоспарланған. Жаңа жүйе енгізілген соң, өндірушілер мен импорттаушылардың барлығы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне тіркелуі керек. Таңбалау кодтарын әзiрлеу үшін жүйеге өндірілген және импортталатын өнім туралы ақпаратты енгізу қажет. Мұндай бір кодтың құны 2,68 теңгені құрайды.
Аймақтар • 21 Маусым, 2021
Елімізде алғаш рет қайта өңделген пластиктен жасалған экологиялық төлем картасы қолданысқа енгізілмек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай картаны пайдалану – қоқысты сұрыптау мен қоршаған ортаны жасылдандыруды қолдаудың бір жолы. Жаңа картаны Еуразиялық банк пен Mastercard бірлесе ұсынып отыр.
Аймақтар • 21 Маусым, 2021
«Қызыл» мен «сарыны» кіргізбейді
Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары мен вокзалдар келушілерді тек Ashyq қосымшасымен қабылдайтын болды. Егер жүйеде мәртебеңіз «жасыл» не «көк» болса, аталған ғимараттарға кіре аласыз, ал «қызыл» мен «сарылар» ішке ене алмайды.
Аймақтар • 21 Маусым, 2021
Қостанай қаласының орталығында «Дәрігер қабылдауы» акциясы аясында жұмыс істей бастаған көшпелі емдеу пункті тұрғындардың денсаулығын бірнеше күннен бері тегін тексеріп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған игі шара барысында №1 емхананың қызметкерлері қала тұрғындарының бой, салмағын өлшеп, қан құрамындағы қант пен холестерин мөлшерін анықтады.
Аймақтар • 21 Маусым, 2021
Індеттің қаупін жете сезінбейтіндер көп
Соңғы аптада Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны өткен аптамен салыстырғанда 11 пайызға көбейіп кетті. Өңірде ковидке қарсы вакцинаның екінші дозасы тапшы.