Оқиға • 14 Маусым, 2024
Қала іргесіндегі Шағалалы аулында әлдебір шаруамыз болып ат басын бұрғанбыз. Таспадай тартылған тас жолдың қос қапталына қоныстанған, етек-жеңі кең пішілген ауыл. Ертеректе өзге ұлт өкілдері көп болатын. Кейінгі жылдары тау асып, тас басып келген ағайын қоныстана бастады. Ағайынмен бірге біздің өлке баяғыда ұмытқан бағзы ырым, жол-жоралғы қайта оралғандай.
Егемен Қазақстан • 14 Маусым, 2024
Мәлік туралы кино түсірілсе игі Мәлік Ғабдуллин – Кеңес Одағының батыры атағын алғаш болып алған тұлғаларымыздың бірі. Ал осы атақ мерзімінен өте кеш берілген қолбасшы Бауыржан Момышұлы замандасына: «Мәліктің ғалымдық, педагогикалық еңбегі өз алдына, ол кешегі қан майданда ел қорғаған ер, батыр... Ол – халық батыры. Мәлікті сыйлау ол үшін емес, кейінгі ұрпақ үшін керек», деп өзінің құрметін білдірген екен.
Білім • 14 Маусым, 2024
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті кейінгі жылдары шетелдік әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орната бастады. Ондағы мақсат – білімгерлердің біліктілігін шыңдау. Осы ретте оқу ордасына Польшаның Слупск қаласындағы Помор университетінің ректоры Збигнев Осадовский мен проректоры Данута Герчинска келді.
«Таза Қазақстан» • 14 Маусым, 2024
Облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, еңбек ұжымдары, «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент саябағының аумағын, «Ғашықтар аллеясы», триатлон саябақтарына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Пікір • 14 Маусым, 2024
Инфрақұрылым салаға серпін береді
Бізде ғана емес, әлемде туристер ағыны көбейіп, салаға сұраныс артты. Сәйкесінше, біздің туризмдегі кем-кетігіміз де көріне бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туризмді дамыту жөніндегі кеңесте осы олқылықтың орнын толтыратын мәселелерге жеке-жеке тоқталды.