Театр • 28 Маусым, 2024
Балалық шақ – патшаның тағы демекші, адам өміріндегі ең ғажап уақыт балдәурен кезең. Өмірдің ойынына батып, алаңсыз тірлік кешкен ғажап уақытқа не жетсін, шіркін! Ал сол тәтті шақтың қызықтары туралы әдебиетте Бердібек Соқпақбаевтан артық жазған қаламгер жоқ. Кезінде туынды желісімен кино түсірілсе, бүгінде елдегі театр сахналарында тамаша қойылымдар көрсетіліп жатыр.
Пікір • 28 Маусым, 2024
Биылғы баспасөз күнін жаңа «Масс-медиа туралы» заң қабылданған кезеңде атап өткелі тұрмыз. Бұл – БАҚ үшін аса жауапты шақ. Аталған заң, біріншіден, медиа саласы мамандарының, екіншіден, ақпаратқа жанкүйер қалың жұртшылықтың қоғамдық сараптамасынан өтті. Мемлекет басшысы бұл елдік құжатта Әділетті Қазақстанның ашықтық пен біліктілік, жауапкершілік пен заңдылық ұстанымдары нақты көрініс тапқанын баса айтты.
Технология • 28 Маусым, 2024
Қазір елімізде цифрландыру саласы дамудың негізгі факторына айналып отыр. Әсіресе экономиканың түрлі саласына жасанды интеллектіні енгізу белсенді қолға алынды. Осы бағыттағы озық технологияларды дамытуда стартап жобаларының рөлі жоғары. Бұл тарапта еліміздегі әр сала бойынша жоспарланған стартап жобаларына, резидент компанияларға, білім беру саласына, бизнес-бағдарламаларға қатысушыларға, ақпараттық қолдауды қажет ететін перспективалы жобалардың ілгерілеуіне көмектесіп жүрген елордадағы Astana Hub технопаркінің атқарып отырған қызметі зор.
Президент • 28 Маусым, 2024
Президент журналистер қауымын кәсіби мерекемен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Маусым, 2024
Елдік мүдде және баспасөз беделі
Ұлттық баспасөздің бастауында тұрған «Айқап» журналының редакторы Мұхаметжан Сералин басылымның алғашқы санында: «Халықтың қай дәрежеде алға кеткендігі халық арасында таралған газет, журнал һәм кітаптарынан білінеді» деп жазса, «Қазақ» газетінің ұлтты ағарту мен ұйыстыру бағытындағы тарихи міндетін Ахмет Байтұрсынұлы: «Әуелі, газета – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газета сондай керек!» деп айқындап берді.