Сочи Олимпиадасынан сабақ алдық па?
Тоғыз айдан кейін Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында ХХІІІ Қысқы Олимпия ойындарының алауы жағылады. Ақ қар, көк мұз үстіндегі бұл аламанда әлемнің 90-ға жуық мемлекетінен қысқы спорттың небір хас шеберлері бақ сынайды екен.
Футбол • 12 Маусым, 2017
Футболдан Қазақстанның Ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындары аясында Дания елінің құрамасын қабылдап, өкінішке қарай 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Өткен жылы осы елдің құрамасымен өткен алғашқы матчта да футболшыларымыз 1:4 есебімен есе жіберген болатын...
Қысқы спорт • 12 Маусым, 2017
Жақында шымкенттік тоғыз жасар Кәусар Ыбырайқызы мәнерлеп сырғанаудан Ресейде өткен халықаралық турнирде 1-орын алып, қазақ елінің абыройын асқақтатты.
Кәсіпқой бокс • 12 Маусым, 2017
«Батыр мен Абылайханның болашағы алда»
Бірінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың IBO International белбеуін иеленгенін сүйіншілей хабарлағанбыз. Канаданың Монреаль қаласында өткен жекпе-жекте ол мексикалық тәжірибелі Косме Ривераны мерзімінен бұрын ұтса, тағы бір жерлесіміз Абылайхан Құсайынов та қарсыласынан басым түсті. Сол бокс кешінде осы былғары қолғап шеберінің жанында ақыл-кеңесімен бөлісіп жүрген еліміздің танымал кикбоксшысы Елмұрат Қайыпжановты көзіміз шалып қалды. Өткен ғасырдағы 90-жылдардың соңына қарай кикбоксингтен әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанып, Азия мен Еуропада топ жарған Елмұрат Қайыпжанов соңғы уақытта былғары қолғап шеберлерін даярлауға ден қоя бастаған екен.
Әдебиет • 12 Маусым, 2017
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған «Қоғамның рухани көкжиегіне жазушылардың ықпалы. Әлемнің тұрақты дамуы» атты халықаралық әдеби биеннале келушілерге есігін айқара ашты.