Әдебиет • 12 Маусым, 2017

Әдеби биеннале шақырады

197 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Ұлттық кітап­ха­насы мен Қазақстан Жа­зу­шы­лар одағы бір­ле­сіп ұйымдастырған «Қо­ғамның руха­ни көк­жи­егіне жа­зу­шы­лар­дың ық­палы. Әлем­нің тұ­рақ­ты дамуы» атты ха­лық­ара­лық әдеби биеннале келушілерге есігін ай­қара ашты.

Әдеби биеннале шақырады

Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр кеңсесінің, Мәдениет және спорт мини­стр­лігінің, Сыртқы істер мини­стр­лігінің, Ақпарат және комму­никациялар министр­лігінің, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жө­ніндегі Ұлттық комиссияның, Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы Біріккен Ұлттар Ұйым­ының (БҰҰ) аймақтық өкілдігінің, «Ақ Орда» Республикалық қоз­ға­лы­сының Құрметті төрағасы Қайрат Саты­балдыұлының қол­дау көрсетуімен Ұлттық кітап­ха­на ғимаратында бастал­ған Биенналеге әдебиет бойынша Нобель және басқа да сыйлықтар лау­реат­тары, белгілі жазушы­лар, әлемнің 20-дан астам елінен ғы­лым және мәде­ни­ет қай­рат­керлері, 40-тан астам шет ел қонақтары келді. 
Экономикалық өзара ықпал­дас­тықты нығайтумен қатар, әдебиет­шілердің шығар­ма­шы­лық әлеуетін пайдалана отырып, қоғамның рухани кеңіс­ті­гін кеңейте түсу қажет­ті­лі­гін көрсетуді мақсат тұтқан Ха­­лық­аралық әдеби биеннале ЭКСПО-2017 көрмесіне арнал­ған мәдени іс-шаралар топтамасы ая­сында өткізілуде. 
Аталмыш шара Қазақстанды ұлт­тық мәдениеті мен менталитеті сан алуан халықтардың бір-бірімен тату тұратын әрі достық пен рухани тұтастыққа ұласқан сындарлы байланыстар орната алатын қоғам үлгісі ретінде таныта түспек.
12-14 маусым аралығында өтетін, «Орталық Азия – Араб әлемі: тарих пен мәдениеттің өзара ықпалдастығы» халық­аралық ғылыми-тәжірибелік кон­ференция­сы, Библио-түн, «Қоғамның ру­хани жаңғы­ру­ындағы кітап­ха­налардың рөлі», «Ұлттық авторларды ағылшын тіліне аудару» атты дөң­гелек үстелдер, «Маған кітап оқып берші» халықаралық акциясы, бей­ресми әңгімелесу, кітап-экс­по­зи­ция­лық және фото­көр­ме­­лер, арнайы экс­курсиялық бағ­дар­ламалар, әлем­ге танымал жазушылармен кездесулер сияқты бірнеше бағдарламаны қам­ти­тын Биеннале қорытындысы бойынша Әлем мәдениеті қайраткерлеріне Үн­деу жасалынатын болады.

Мира БАЙБЕК,
«Егемен Қазақстан» 

АЛМАТЫ