Театр • 12 Маусым, 2017
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы алғашқы мәдени іс-шарасы Н.Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің концертімен басталды.
Технология • 12 Маусым, 2017
Көрмеде Токамак жобасы іске қосылды
Курчатовтық ғалымдар Елбасының бейбіт атомды дамыту тапсырмасына орай ядролық энергетика саласындағы жаңалықтарды ғылыми ортаға дендеп енгізуде. "Токамак" термоядролық материалтану реакторының ЭКСПО-2017 көрмесінде тұсауы кесілді.
Қазақстан • 12 Маусым, 2017
Ел ертеңі – айбынды жас сарбаздар!
Жаңа қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел идеясы! Қазіргі заманда әлеуетті әскері бар, технологиясы мен білімі дамыған мемлекеттің жастары заман талабына сай сауатты, білімді болуы қажет. Бүгінгі күні біз жастардың спортқа қызығушылығының өскеніне, Отан алдындағы парызын өтеуге деген құлшынысының күн санап артып келе жатқанына куә болып отырмыз. Осы жағдайлар қазір дәстүрге, жастардың тілімен айтқанда, «брендке» айналып отыр.
Кино • 12 Маусым, 2017
Композиторлар достығын көрсетеді
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Баспасөз, кино, радио, телехабар мәселелері бойынша мемлекеттік әкімшілігі арасында үкіметаралық келісімге қол қою аясында «Композитор» фильмін түсірудің басталғанын айғақтайтын салтанатты рәсім өтті.
Театр • 12 Маусым, 2017
Заңғар жазушы М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі жуырда Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрында тұңғыш рет сахнаға шықты. Қоюшы режиссер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.