Қоғам • 12 Маусым, 2023
Алматы жұртшылығы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры ғимаратына жиналған зиялы қауым бедерлі жылдар белесінде ел дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаның қайраткерлік қыры, кәсіби білігі, азаматтық келбетіне тоқталып, жақын-жуығына көңіл айтты. Қоштасу рәсіміне қоғам қайраткерлері, Үкімет мүшелері, бірқатар аймақтың әкімдері, Парламент депутаттары, мәдениет, спорт, басқа да салалардың өкілдері қатысты.
Басылым • 12 Маусым, 2023
Басқа басылымдардан: Санкциялар және сауда соғысы
Астана халықаралық форумында (AIF) жоғары деңгейдегі спикерлер санкциялар мен сауда соғысы мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Батыстың Ресейге қарсы санкциялық саясатының дұрыс жұмыс істемей отырғанын сөз етті.
Төтенше жағдай • 12 Маусым, 2023
Абай облысындағы алапат өрт он төрт адамның өмірін жалмады
Төтеннен тұтанған өрттің де, айтпай келетін апаттың да үлкен-кішісі болмайды. Қай-қайсысы да қауіпті, қай-қайсысы да залалға толы. Бір өкініштісі, орны толмас орасан апат кезінде адам шығыны да болып жатады. Сегіз күннен бері елді сергелдеңге салған апат алдыңғысына қарағанда әлдеқайда ауқымды. Жалын жайпаған жер көлемі өткен жолғы өрттен 20 есеге үлкейіп, жайылып кеткен. Сонымен, салғырттықтың салдарынан Семей өңіріндегі 60 мың гектардан астам орман алқабы бір-ақ сәтте күлге айналды. Ресми дерек бойынша «Семей орманы» резерватының жалпы аумағы 650 мың гектардан асады. Міне, соның оннан бірін от шарпыды. Тілсіз жаудың кесірінен 200 адам Семей қаласындағы жатақханаларды паналауға мәжбүр болды.
Төтенше жағдай • 12 Маусым, 2023
Тілсіз жаумен күрес толастамайды
Кейінгі күндері еліміздің оңтүстік өңірінде күн күрт ысып, халыққа жайсыздау тиіп тұр. Әсіресе Шымкентте термометр бағаны маусым айы басталғалы +30 градустан төмендеген жоқ.
Аймақтар • 12 Маусым, 2023
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясын өткізді.