Пікір • 28 Маусым, 2024
Елге керегі – сапалы қазақша контент
Отандық журналистиканың абырой-беделі туралы айтқанда, желіні кем дегенде «Түркістан уәлаятының газеті» мен «Дала уәлаятының газетінен», кешегі «Қазақ» пен «Айқаптардан» тарту керек. Десек те, тәуелсіздік тұсындағы журналистиканың жөні бөлек. 90-жылдардан бері отандық журналистика қоғаммен бірге өсіп, өзгеріп, құлдырап, қайта түлеп, түрлі қиындық пен кедергіні еңсеріп келеді. Кәсіби журналистер бұл саланы тастап, олардың орнын басқа саланың адамдары басқан кез де болды.
Оқиға • 28 Маусым, 2024
Сөз қадірі бөз қадірінен арзандап кеткен заманда арыдағы Алаш жұрты «оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес» деп кесімді сөзін келісті етіп айтқандығын жадымыздан шығармасақ керек-ті. Дарқан даланың даналығын бойына жинаған данышпан аталарымыз сөз өнерін ұлттық құндылық ретінде кейінгі ұрпағына мұра қылып қалдырған.
Экспорт • 28 Маусым, 2024
Алматы облысы Қытай еліне ет экспорттап жатыр. Қарасай ауданына қарасты Қошмамбет аулында орналасқан «Meat Processing and Service» ЖШС ет өнімдерінің алғашқы партиясы – 20 тонна сиыр етін Қытай Халық Республикасының ветеринарлық-санитарлық талаптарына сай сәтті экспорттады.
Басылым • 28 Маусым, 2024
Басқа басылымдардан: Есірткімен күрестегі ынтымақтастық
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ECECACD төрағасы Александр Квасьневскиймен кездесіп, Шығыс және Орталық Еуропа, Орталық Азия елдерінің есірткі саясаты жөніндегі комиссиясымен өзара белсенді іс-қимыл жасауға дайын екенін білдірді.
Қоғам • 28 Маусым, 2024
«Taldau talks» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Онда ОДМ-ның бес негізгі мақсатына арналған жинақ көпшілікке таныстырылды. Аталған еңбекті Парламент Сенаты жанындағы Сарапшылар клубының мүшелері мен «Талдау мектебі – Школа аналитики» жобасының үшінші кезеңінің түлектері бірлесіп әзірледі.