Футбол • 11 Маусым, 2023
Элиталы кезеңдегі қарсыластар анықталды
Өткен аптада Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталы кезеңінің жеребесі тартылды. 2021 жылғы жаһандық додада төртінші орынға ие болып, табысты өнер көрсеткен жерлестеріміз бұл кезеңде А тобында бақ сынайтын болды. Жеребе қорытындысы бойынша біздің жігіттер соңғы іріктеу сайысында Румыния, Әзербайжан және Нидерланд құрамаларымен бірге әлем чемпионатының жалғыз жолдамасын сарапқа салады.
Қоғам • 11 Маусым, 2023
Қапшағайда суға бата жаздаған үш адам құтқарылды
Қапшағай су қоймасында үш жігіт құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Маусым, 2023
Біріккен күрес әлемінің (UWW) рейтингі қайта жаңартылды. Жер-жаһанның ең мықты балуандарының ТОП-10-дығына Қазақстанның тоғыз балуаны енді. Ең үздік көрсеткіш Жәмила Бақбергеноваға тиесілі. Қазақ қызы қазіргі кезде 72 кило салмақ дәрежесінде белдесіп жүрген бұрымдылар арасында теңдессіз деп танылып отыр.
Теннис • 11 Маусым, 2023
Ел теннисінің болашағы саналған Заңғар Нұрланұлы Ереванда өткен 18 жасқа дейінгілер арасындағы «ITF Juniors J30 Tsaghadzor Golds’S Gym Cup 1» турнирінің абсолютті чемпионы атанды.
Спорт • 11 Маусым, 2023
Таиландтың Районг қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының кезекті күнінде жерлесіміз Евгений Федоров жарыс жеңімпазы атанып, ел қоржынына алтын жүлде салды.