Теннис • 11 Маусым, 2023

Жас теннисшінің жетістігі

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел теннисінің болашағы саналған Заң­ғар Нұрланұлы Ереванда өткен 18 жасқа дейін­гілер арасындағы «ITF Juniors J30 Tsaghadzor Golds’S Gym Cup 1» тур­нирінің абсолютті чемпионы атанды.

Жас теннисшінің жетістігі

15 жастағы отандасымыз аталған жа­рыстың жекелей және жұптық сынында тамаша өнер көрсетті. Жекелей сайыстың финалын­да Заңғар осы жарыстың бірінші ракеткашысы, чехиялық Якуб Смычекпен шеберлік бай­қасып, екі сетке жалғасқан матчта қар­сыласын 7:5, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Заңғар дода барысында Аустрия жас­өспірімдер құрамасы көшбасшыларының бірі Максимилиан Хейдельмайермен аса тартысты кездесу өткізіп, үш сетке созылған матчта жерлесіміздің мерейі үстем болғанын айта кеткен жөн. З.Нұрланұлы Еревандағы турнирдің жұптық бәсекесінде дәл сол аустриялық М.Хейдельмайермен бірге жұп құрап, финалда ресейлік теннисшілер – Мак­сим Колобов пен Родион Малмыгинді үш сетте жеңді – 6:7, 6:4, 10:6.

Бұл – Заңғар Нұрланұлының Халықаралық теннис федерациясы өткізген жарыста жекелей сындағы екінші титулы.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50