Денсаулық • 13 Маусым, 2024
Адам папилломасы вирусы (АПВ) қаншалықты қауіпті? Жатыр мойны обырын алдын алуға септесетін АПВ-ға қарсы вакцинация елде қашан жүргізіледі? Бұл тақырыпты Астанада өткен форумда қоғамдық, ғылыми, халықаралық ұйым мүшелері (ДДҰ, ЮНИСЕФ, БҰҰДБ, ЕО), Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, сондай-ақ белгілі дәрігерлер, ғалымдар, дін қызметкерлері мен қоғам белсенділері талқылады.
Аймақтар • 13 Маусым, 2024
Қызылордалықтардың коммуналдық саладағы түйінді мәселенің бірі ыстық су болатын. Басқа қалалар тұрғындары қалағанынша пайдаланатын кәдімгі ыстық су Сырдағы бас қалада бас ауыртар проблемаға айналғалы да талай жылдың жүзі ауыпты. Суды ысытып пайдаланғандықтан да сыртымыздан «Аристондар қаласы» деп айдар таққандарды да естідік. Амандық болса, осы бір абыройсыз «атақтан» арылатын күн жақын қалған сияқты.
Айбын • 13 Маусым, 2024
Еліміздің Қарулы күштер қатары жаңа офицерлермен толықты. Биыл мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен 158 түлекке Ұлттық қауіпсіздік және әскери істер магистрі дәрежесі берілді.
Архив • 13 Маусым, 2024
Британия архиві: Шоқайға қатысты құжат
Жақында Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Лондон қаласында орналасқан Британия ұлттық архив қорына барып, қазақ тарихына қатысты деректер іздестірді. Нәтижесінде, еліміз тарихына қатысты 15 қолжазба мен 500-ге жуық архивтік құжат көшірмесі алынып, құнды деректер орталық қорын толықтырды. Осы орайда, қарт құрлыққа сапарлап барған ізденуші топтың мүшесі, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің жетекші сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлсім Бисеновамен әңгімелескен едік.
Айбын • 13 Маусым, 2024
Бітімгерлік операциялар орталығында «Орталық Азия және БҰҰ бітімгерлігі: ағымдағы қызмет және перспективалар» тақырыбында өңірлік дөңгелек үстел өтті. Жиында Қазақстан мен Тәжікстан қорғаныс ведомстволарының, Біріккен Ұлттар Ұйымының, «БҰҰ-әйелдер» құрылымы кеңсесінің, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің және отандық жоғары оқу орындарының өкілдері бас қосты.