Алматы • 13 Маусым, 2024
Отандық автонарық өзгенің ескісіне зәру ме?
Апта басында Алматыда автомобиль нарығына қатысушылар форумында ендігі жағдайдың мүлдем басқа сипатпен дамитыны белгілі болды. «Astana Motors» басшысы Бекнұр Несіпбаевтың айтуынша, жаңа ойыншылардың пайда болуына байланысты нарықтың «дене қызуы» көтеріліп кетті. Тіпті мұны технологиялық соғыс жағдайындағы текетірес деп бағалауға болады.
Пікір • 13 Маусым, 2024
Үлкен ойшыл, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы «Шыннан өзге Құдай жоқ, Анық Құдай – Шын Құдай, Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса, кiм Құдай?» деген екен. Ғұламаның бұл пайымын тәпсірлер болсақ, «құдай» деп отырғаны ақиқат. Соның ішінде шынайы білімнің ақиқаты. Қазіргі таңда қазақ қоғамындағы басты мәселе – білім пен ақпараттың орны ауысып кетті. Шәкәрім бабамыз айтқан «шын білім» көмескіленіп, ақпараттық дүниелер алға шықты. Бұл өте қатерлі құбылыс. Өйткені шын білім, ақиқат, нағыз ілім салтанат құрмаған қоғамның болашағы күңгірт.
«Таза Қазақстан» • 13 Маусым, 2024
Шипажайдың шырайы кірсін десек...
Шипажайы көп Сарыағаш ауданына келушілер қатары жыл бойы үзілмейді, ал жазда көбейе түседі. Өңірдегі 75 шипажайдың 60-сы осы ауданда. Ем алуға, демалуға келушілер шипажайдан бөлек аудан орталығында болып, көрікті жерлерін аралауды қалайтыны анық. Тазалыққа үлес қосуды туған жерге деген қамқорлық деп есептейтін жергілікті тұрғындардың қонақ алдында ұятқа қалғысы жоқ. Қонаққа бару да, күту де – мәдениет. Яғни тура мағынасында таза ортаны көрген қонақ күтушінің мәдени деңгейін де бағалайтыны мәлім.
Айтыс • 13 Маусым, 2024
Қостанайда халық ақыны Қонысбай Әбілдің 70 жылдығына арналған «Тобыл-Торғай топжарғаны» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Белгілі ақын Аманжол Әлтаев жүргізген жыр додасына үш бірдей «Алтын домбыра» сыйлығының иегері, оларды өкшелеп келе жатқан өзге де талантты жастар қатысты.
Шымкент • 13 Маусым, 2024
Шымкенттегі бір ғасырдан аса тарихы бар А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында Халықаралық «Сөз» әдеби фестивалі өтті. Соның аясында «Әдебиет әлемді біріктіреді» деген поэзия және проза байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Бұл байқау осымен екінші жыл жалғасын тауып отыр.