ЭКСПО-2017 • 09 Маусым, 2017
ЭКСПО көрмесі аумағының үстінен дрондарды қолдануға тыйым салынды
Астанада ЭКСПО халықаралық көрмесінің әуе кеңістігінде ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қолдану үшін құзырлы органдармен келісілуі тиіс. Олар мемлекеттік күзет қызметі, ҚР ҰҚҚ, ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті. Әрі оларды пайдалану ұшу жоспарына сай жүргізілгені жөн.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
«Болашақ» буыны ауыл мен әлем арасын жалғаса игі
Ағымдағы жылдың наурыз айында «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Нұр Отан» партиясының бірлескен партиялық тыңдауы өткені белгілі. Мемлекеттік қызмет саласындағы жалақы мен кадр ауысушылығы, мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру мәселелері талқыланған жиында арнайы баяндама жасаған Агенттік төрағасы Қайрат Қожамжаров өз сөзінде ауылдық деңгейдегі кадр жетіспеушілігін тілге тиек еткен болатын. Біз бүгінгі мақаламызда жоғарыда аталған бес бағыт бойынша көрсетілген мәселелердің төртінші түйінін тарқатуға тырысамыз.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Астанада «911» қызметінің баламасы іске қосылды
Қазақстан астанасында «911» қызметінің америкалық баламасы жұмысын бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бокс • 09 Маусым, 2017
«Астана арландары» Бүкіләлемдік бокс сериясының финалына шықты
WSB жобасында сынға түсіп жатқан «Астана арландары» клубының боксшылары жылдағы әдетінен жаңылмай биыл да сәтті жұдырықтасып, финалдық бәсекеге жолдама алды.
Аймақтар • 09 Маусым, 2017
Ақтөбеде букмекерлік кеңселер бизнесін заңсыз жүргізіп келген
Прокуратура органдары тексерулерінің нәтижесінде өңірде жүзден астам букмекрлік кеңселер ойын бизнесін заңсыз жүргізіп отырғаны анықталды. Оның тек 42-і ғана салық органдарында есепке алынып, тиісті салықтарын төлеген. Бұл туралы облыс прокурорының орынбасары Ерғали Мәбиев мәлімдеді.