Аймақтар • 07 Маусым, 2019
Түркістан облысында еліміздегі ең ірі жылыжай кешені салынады
Жылыжай кешенін салу үшін Келес ауданынан арнайы 500 гектар жер бөлінген. Инвестициялық құны 1,1 млрд АҚШ доллары болатын жобаны ресейлік «Эко-культура» компаниясы жүзеге асырмақ.
Аймақтар • 07 Маусым, 2019
Алик Шпекбаев: «Шымкент - ең креативті қала»
Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев: «Шымкент - ең креативті қала», деп баға берді.
Аймақтар • 07 Маусым, 2019
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия талқыланды
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аумақтық департаментімен бірлесіп ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының шеңберінде семинар-кеңес өткізді. Бұл туралы агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 07 Маусым, 2019
Ақтөбеліктер лаңкестік шабуылда қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алды
5-маусым күні 66/55 әскери бөлімінде 2016 жылдың 5- маусымда ланкестік шабуылда қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алу рәсімі өтті. Қайғылы оқиғаны еске алу шарасына облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысты. Сонымен қатар, жиында құқық қорғау және қауіпсіздік орган басшылары болды. Аймақ басшысы ланкестік шабуылдан қаза тапқан жандардың құрметіне гүл шоқтарын қойып, есімдері мәңгі ел есінде қалатынын жеткізді.
Аймақтар • 07 Маусым, 2019
Шымкентте қоғамдық көліктерге электронды төлем жүйесі енгізіледі
«SHYMKENT» ӘКК» АҚ биыл 1000 автобус сатып алуды жоспарлауда. Жоба бойынша 300 автобус маусым-шілде айларында, қалған 700 автобус жылдың соңына дейін сатып алынады. Электронды төлем жүйесін ендіру бойынша корпорация әлеуетті инвестор «Оңай» ЖШС-мен бірге жұмыстар істелуде. Электронды төлем жүйесін 2019 жылы бастап, 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында ендіру жоспарланып отыр.