Пікір • 08 Маусым, 2023
Жаһан шиеленістен ақылмен ғана шығады
Біз қазір өтпелі кезеңде тұрмыз. Бұл – бірполярлы кезең. Бізге көпполярлы кезең керек. Бәлкім, менің айтқалы отырған ойымның атауы да жоқ шығар. Қазір қоршаған әлемге мүлде басқа көзқараста қарауымыз қажет. Жаһан шиеленістен шығу жолдарын табуға тиіс.
Пікір • 08 Маусым, 2023
Мемлекет басшысы өткен жылдың аяғында «Жаңа адамдар» атты жастар қозғалысының белсенді өкілдерімен жүздесті. Қазіргі жастардың қоғам өміріне белсене араласып, өз ұстанымына берік болуы туралы сөз қозғады. Сонда Президент: «Біздің көрнекті ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген өлеңі бар. Шын мәнінде, мен де жастарға сенемін. Баршаңызды қолдаймын. Расында, біздің елімізге белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында», деген еді.
Абай • 08 Маусым, 2023
Қазақтың ғасырлар көшіндегі сан қилы тарихы мен атадан балаға мирас болып жеткен бай әдебиетіне, күні кешеге дейін алтын желіні үзбей жалғастырып жеткен ұрпақ тәрбиесінің озық үлгілеріне қарап таңғаласың. Ауыл ақсақалының бір ауыз сөзіне бағынған, ел сайлаған биінің пәтуалы сөзіне тоқтаған, үлкеніне құрмет, кішісіне ізет көрсетіп, төс қағысып құда болып туысқан халық өміріне қызығасың.
Өнер • 08 Маусым, 2023
Биыл Арқалық қаласына қарасты Қайыңды ауылының «Аққайың» вокалды-аспапты ансамблінің құрылғанына жарты ғасырдың жүзі болды. Өнер көгінде жасындай жарқ етіп, ұзақ жылдар бойы ұлт рухын асқақтатқан ұжым құрамы бүгінде жас буынмен қайта жаңғырды.
Тарих • 08 Маусым, 2023
Тарих – ел тұтастығының арқауы
Биыл Үкімет басшысының қаулысы негізінде 2023-2025 жылдарға арналған мерейтойлар тізіміне «Ақтабан Шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңінен сыр шертетін «Елім-ай» дастанының 300 жылдығы енгені белгілі. Сонымен бірге аса күрделі кезеңде еліміздің солтүстігін жаудан да, даудан да қорғаған тұлға Қожаберген Толыбайұлының (1663-1763) дүниеге келгеніне 360 жыл. Түркістан шаһарының «Фараб» кітапханасының акт залында осы айтулы даталарды байыптаған ғылыми конференция өтті.