Аймақтар • 28 Маусым, 2018
Қарағанды облысы Астанаға аллея мен монумент тарту етті
Жиырмасыншы белесін бағындырып, мерейтойдың шуағына малынған Астананың қуанышына барша Қазақстан жұртының ортақтасып жатқаны сүйсінтеді. Мұның өзі «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» мақсаты жолында жұдырықтай болып жұмылған елдің ертеңіне деген сенімді ұлғайтып, ортақ тойдың мән-мағынасы мен қадір-қасиетін тіпті де асқақтата түседі.
Президент • 28 Маусым, 2018
Өмірзақ ШӨКЕЕВ. Елорда – елдік пен еркіндіктің символы
Ел ордасы Астананың Арқа жеріне келіп қоныс тепкеніне ширек ғасыр уақыт өтіпті... Ақиқатын айтсақ, Елбасының осыдан тура 25 жыл бұрын қабылдаған бұл шешіміне сол кезде наразылық танытқандар да аз емес еді. Бірақ ол адамдарды да түсінуге болады. Себебі ондаған жылдар бойы көркіне көзіміз қанығып, көңіліміздің төрінен орын алған ару қала Алматының бұдан былай астана болмайтыны тіпті ақылға сыймайтын шаруа еді. Бірақ Елбасы тәуекелге бел буып, ештеңеге қарамастан, осындай шешім қабылдады.
Әлем • 28 Маусым, 2018
Ялчын ТОПЧУ. Азат елдің алтын тәжі
Болашақта, қазіргі әлем тарихы жазылар уақытта Қазақстан мен қазақ түркілері бөлімінде «Тұңғыш Президент», «түркі дүниесінің ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаев», «Астана қаласы» деген сөздер бір ұғымға айналып, қатар аталатын болады.
Қазақстан • 28 Маусым, 2018
Бүгін - ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күні
Бүгін елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің, сонымен бірге байланыс саласы мамандарының кәсіби мерекесі аталып өтеді. Ақпарат тарату, жеткізу қай кезеңде де қоғам өмірінде айрықша орын алған болса, бүгінгі жаһандану дәуірінде оның маңыздылығы бірнеше есе арта түсті.
Қазақстан • 27 Маусым, 2018
Қырғызстан Президенті Қазақстанды маңызды серіктес деп атады
Бүгін Қырғызстанның президенті Сооронбай Жээнбеков Жоғарғы кеңестің отырысы кезінде отандастарына арнаған жолдауында елдің сыртқы саясатындағы басым бағыттарға тоқталды.