Саясат • 29 Маусым, 2021
Күн тәртібінде – трансшекаралық өзендер мәселесі
Кеше Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 16-отырысы өтті, деп хабарлады жоғары Палатаның баспасөз қызметі.
Білім • 29 Маусым, 2021
Аудармасы ала-құла оқулықтан қашан арыламыз?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында оқулықтар мәселесін қозғап, оқулықтардың апробациясын түпкілікті көтеруді тапсырған еді. Десек те жалпы орта білім беру саласы ғана емес, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардың да сапасы әлі күнге сын көтермейді.
Футбол • 29 Маусым, 2021
EURO-2020: Испания Хорватияны жарыс жолынан шығарып тастады
Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңінде Хорватия мен Испания құрамалары кездесіп, Луис Энрикенің командасы ширек финалға жолдама алды деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 29 Маусым, 2021
Пернебек Момынұлы: Ұлттық музыкамыздың тарихы мен құдіретін дәріптей алмай келеміз
Қазақтың музыка өнерін зерттеген көрнекті ғалым Ахмет Жұбановтың музыка зерттеу ісін жалғастырушы, музыкалық-эстетикалық тәрбие мен педагогикалық психология саласында жоғары оқу орындары мен мектеп оқушыларына арнап оқу-әдістемелік құралдарын жазған өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Пернебек Момынұлы ұлттық музыка тарихында әлі де зерттелмеген тұлғаларымыздың бар екенін айтады. 90 жастың төріне шыққан ғалым әңгімесінде өнертану ғылымын дамыту жайындағы ойларымен бөлісті.
Технология • 29 Маусым, 2021
Ел абыройын асқақтатып, айрықша жетістіктердің бірі болған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өткеніне де төрт жыл толыпты. Елорда үш ай бойы 115 ел мен 22 халықаралық ұйымның басын қосқан ЭКСПО шағын қалашығына айналған-тын. Көрмеден кейін бұл аумақ іскерлік орталыққа айналып, таптырмас туристік орын әрі бас қаладағы мәдени-рухани, танымдық түрлі жобалардың ошағына айналды.