Қоғам • 02 Маусым, 2016
Жазиралы Жаркент жерінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша еңбек етіп жүрген жандармыз. Сөзді созбай бірден бастасам, мен жетекшілік ететін «Ернар» шаруа қожалығында қазіргі күні 49 жылға жалға алған 1825 га жер бар. Оның ішінде 1105 га жайылым, 720 га суармалы егістік. 720 га жердің 490 гектарына жемдік жүгері, 190 гектарына тұқымдық жүгері, 40 га алқапқа жоңышқа егілген.