Руханият • 06 Маусым, 2019
«Абай» сахна жұлдыздарын жинады
Ташкенттегі Өзбек ұлттық академиялық драма театрының ұжымы көрермендер назарына қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаев туралы спектакльдің премьерасын ұсынды.
Қоғам • 06 Маусым, 2019
Ұлтты сақтайтын – ұлы қасиеттері. Ұлы қасиетінен жаңылып жаза басқан ұлт ұтылады. Ұтылу өз алдына жұтылып, ұрпақ алдында ұятқа қалады. Салғырттығынан сабақ алып, ес жиған жұрттар бар. Кер заманда өз ұлтына шекесінен қарап, шіреніп күн кешкендер, кейінгі буынның алдында жасып, жасқанып шерменде болары сөзсіз.
Спорт • 06 Маусым, 2019
Жетісу өңірінде веложарыс өтеді
Алматы облысы аумағында халықаралық «GRAND FONDO KAZAKHSTAN TOUR OF ZHETYSU» веложарысы жетінші мəрте өтпекші.
Руханият • 06 Маусым, 2019
1936 жылдың қаңтарында ағылшындар өз ұлтының біртуар ақыны әрі көрнекті қаламгері, Англияның атынан бірінші болып Нобель сыйлығын еншілеген лауреаты Редьярд Киплингті соңғы сапарға шығарып салды. Қилы кезеңде туып, шытырман өмір кешкен суреткер «Жүз қайғының қақпасы» атты тырнақалды туындысымен-ақ әдеби ортаны таңғалдырып, аузын ашқызып, көзін жұмғызған еді. Оқырманды толғандырып, ой-өрісін кеңітіп, көңілін байытқан, мұхиттың тұңғиық түбіндей мағынасы терең әңгімені жасы әлі он тоғызға да толмаған газет тілшісінің жазғанына жұрт сенерін де, сенбесін де білмей алғашқыда абдырап қалған. Таланттың жас талғамайтыны рас екен, белін бекем буып, проза жанрында бағын сынап көрмекке тәуекел еткен жігіт шыншылдыққа, шымырлыққа, астарлыққа құрылған алғашқы шығармасымен-ақ әдебиеттің киелі табалдырығын құбылыс болып аттап, жұртты өзіне жалт қаратты. Жанартаулар атылғанда ғасырлар бойы жер қойнауында тығылып жатқан асыл қазыналар жер бетіне шығады екен ғой. Киплингтің «Жүз қайғының қақпасын» да дәл осындай ағыл-тегіл болып ақтарылған нөсер шабыттың жемісіне теңесек, шындықтың ауылынан алыстай қоймайтын шығармыз.
Экономика • 06 Маусым, 2019
KASE таңғы сессиясында доллар бағасы 1,27 теңгеге қымбаттап, 383,83 теңгеге көтерілді. АҚШ долларының қымбаттауын Ұлттық банк қана тоқтата алады: Бұл – интервенция. Себебі бұл жолғы қымбаттауға сыртқы факторлар көп әсер етуде.