Президент • 05 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Эгилс Левитсті Латвия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Латвия Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты Эгилс Левитске құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстан • 05 Маусым, 2019
Дәурен Абаев Ораза айт мерекесімен құттықтады
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Аймақтар • 05 Маусым, 2019
Ақтауда Билер кеңесі алғашқы дауларды қарады
Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев пен Маңғыстау облысы «Билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Молдағұлов қоғамдық келісімді нығайтып, дауларды бейбіт жолмен шешу аясын кеңейту мақсатында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Аймақтар • 05 Маусым, 2019
Ақтау айлағына Ресейдің «Бриллиант» кемесі келді
Қазақстан, Әзербайжан Республикасы және Ресей Федерациясы Каспий теңізінде контрабандамен және заңсыз көші-қонмен күресті ұйымдастыру, сондай-ақ айдыннның биоресурстарын қорғау мақсатында бірлескен жедел-профилактикалық шараларды жүргізуді қолға алған. Жылына екі рет өткізілетін шара аясында Ақтау айлағына ат басын тіреген достық кемесінің экипажы теңіздегі көршілерімен, әріптестерімен бірге ортақ мәселе, яғни Каспий теңізін қорғау мәселесі бойынша бірлескен жедел-профилактикалық шаралардың қорытындысын шығармақ.
Аймақтар • 05 Маусым, 2019
Маңғыстауда қылмыстық процесте заң бұзушылықтардың алдын алу және оларды жою мәселесі талқыланды
Маңғыстау облыстық сотында судьялар мен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың заңдылық қағидатын дәлме-дәл сақтауы - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.