Қоғам • 07 Маусым, 2023
Бұған дейін біздің білгеніміз... Жалпы, біз нені білгендейміз, осы? О бастағы киелі кітапта өлгендерді топыраққа көмудің өзін қарғадан үйренгеніміз айтылады. Десек те, Алла Тағала адам баласына сана-сезім беріп, оны күллі тіршілік атаулыға ие қылып қойғанын жариялаудан танбай келеміз-ау. Кеудемсоқпыз, ә! Қазіргілер қатыгезденген сайын, пенде баласы парықсызданған сайын жан-жануарлар адамнан зият айуанға айналып бара жатқан жоқ па деген сұрақ туады. Солай сияқты сезіледі кейде. Кейінгі бір айда кездескен құбылыстар осындай ойларға жетелейді.
Әдебиет • 07 Маусым, 2023
«Қауіпті будан» – соңғы ескертпе
«Атау кере» жазушы Оралхан Бөкейдің ең соңғы жазған шығармасы, ұлтына жасаған ақтық ескертпесі болуымен ғана емес, «Атау кере» әлеуметтік-психологиялық мәнінің жоғарылығымен де құнды туынды. Осыдан 35 жыл бұрын жазылған романда (автордың анықтамасы. – авт.) бүгінгі күннің ахуал-тынысы астарлы аллегориямен шебер шендестіріле суреттеледі. «Атау-кере» баяны көркем шығарма болумен бірге, қоғамдық-әлеуметтік болмысты талдау. Әлеуметтік-психологиялық зерделеу. Шығарманың екінші аты – «Қауіпті будан».
Қоғам • 07 Маусым, 2023
Тіл үйренудің тиімді тәсілдері
«Тіл үйрену үшін қажеттілік, не мәжбүрлік емес, шынайы қызығушылықтың болуы маңызды», дейді Рим философы А.Августин. Шет тілдерін үйрену қызықты үрдіс болғанымен, кейде жалықтырып жіберетіні рас. Тіпті мұны жол ортадан тастап кететіндер де кездеседі. Ал қоғамның бір бөлігі шет тілін үйренуге алғашқы қадамдарын мүлде жасап көрмеген де екен. Олар тіл үйренуге қабілетіміз жоқ деп ақталады.
Қоғам • 07 Маусым, 2023
Ақтөбеде суға бата жаздаған баланы құтқарған оқушы марапатталды
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев суға бата жаздаған баланы құтқарған мектеп оқушысы Қолқанат Баққұл мен оның ата-анасына алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Маусым, 2023
Адамдар көп уақытын желіде өткізу үшін мамандар қандай қадамдарға барады?
Адамдардың мінез құлқына байланысты үлкен эксперимент жасалуда. Бағдарламашылар кез-келген адамның санасын бақылауда ұстайды. Біз жалғызсырағанда, қуанғанда, қиналғанда, ашуланғанда, алаңдағанда бірден қолымыздағы телефонға жүгіреміз. Өнертапқыштар смартфонға деген тәуелділіктің салдарын жақсы біледі, алайда бұған көз жұма қарауда.