Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Елорда әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейеді
Бүгін Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астана қаласы халықаралық әуежайында Желілік ішкі істер бөлімінің жаңа әкімшілік ғимаратын ашты, деп хабарлайды baq.kz.
Бокс • 06 Маусым, 2017
Президент Кубогы. Әбілхан Аманқұл жартылай финалда
Бокстан Астанада өтіп жатқан Президент Кубогы додасында Әбілхан Аманқұл (75 келі) жарыстың жартылай финалына шықты.
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Асқар Мырзахметов Чехия елшісімен кездесті
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Чехия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Элишка Жиговамен кездесті, деп хабарлады mgov.kz.
Аймақтар • 06 Маусым, 2017
Ақмола облысында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы келді
Ақмола облысында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлік Мырзалиннің қатысуымен өткен аппарат кеңесінде айтылды, хабарлайды «ҚазАқпарат».
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Бәсекеге қабілеттіліктің басым бағыттары
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған алғашқы жылдарында жүзеге асырған бірегей реформаның бірі – «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру қадамы болды. 1995 жылдың желтоқсан айында қабылданған бұл құжат, тек біздің еліміз үшін ғана емес, сондай-ақ, бүкіл ТМД кеңістігі үшін инновация болғаны белгілі. Өйткені, мұндай қадам арқылы Қазақстан барлық посткеңестік елдердің ішінде алғаш болып мемлекеттік қызметшілердің жаңа кадрлық корпусын конкурс және меритократия қағидаттары арқылы қалыптастыруға кірісті. Қиын қыстау кезеңде қолға алынған бұл үрдіс жыл өткен сайын жаңарып, жетілдіріліп келеді. Отандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі осылайша бастау алған еді. Әсіресе, Мемлекет басшысы жариялаған Бес институционалды реформа аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында тек мемлекеттік қызмет жүйесі ғана емес, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл танытатын, яғни жемқорлық көріністерінің барынша алдын алуға бағдарланған жүйесі де жаңғыртылуда. Бұл жерде жемқорлықпен күрестің өзіндік тетіктерінің дәйектілігі барынша артып, жүйелі сипатқа ие болған.